22 Желтоқсан, 2016

Солтүстік Қазақстанда ауа райына байланысты жолдар жабылды

152 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қатты аязға байланысты Солтүстік Қазақстан облысы аумағындағы жолдар жабылды. «Қазақавтожол» РМК-ның мәліметінше, қазіргі уақытта СҚО-да дизельдік отынмен жүретін және қоғамдық көліктер үшін жолға шығуға шектеу бар. Еліміздің өзге өңірлеріндегі республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысы қалыпты тәртіпте жүзеге асырылуда. Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстанда 3 күнде аяз күшейеді.