23 Желтоқсан, 2016

Еліміздегі мектептердің 76 пайызы интернетпен қамтылған

98 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан мектептерінің 76 пайызы интернетпен қамтылған. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялық қызметінде өткен брифингте Білім және ғылым министрлігінің вице-министрі Эльмира Суханбердиева мәлімдеді. «Мектептерді Дүниежүзілік ғаламтор желісіне қосу бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды. Кеңжолақты ғаламтормен қамтамасыз ету мектептердің 76% құрайды. 2001 жылы 1 компьютерге 62 оқушы келсе, қазіргі таңда бұл көрсеткіш 1:11 құрайды. Мектептерде «Онлайн оқыту жүйесі» жобасы енгізілуде», - деді вице-министр. Оның айтуынша, республикада әр төртінші оқушы қосымша білім берумен қамтамасыз етіледі, балаларды қамту 389 мың балаға ұлғайды және 673 мың адамнан асады.