Бүгін облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметі мемлекеттік мекемесіне облыс әкімі Жансейіт Түймебаев жаңа техниканың кілтін табыстады, деп хабарлады ОҚО баспасөз қызметі.
«Төтенше жағдайлардың алдын алып, тер төгіп жүрген сіздердің еңбектеріңіз зор. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті базасы жыл санап жақсара түсуде. Осы мақсатта жергілікті бюджеттен биыл 269 миллион теңге қаражат бөлінді. Бүгін де, міне, жұмыстарыңызға аса қажетті 7 көліктің кілтін тапсырғалы отырмын. Келесі 2017 жылы осы бағыттағы жұмыстар жалғасын табады, бұл мақсатта облыс бюджетінен 427 млн теңге қарастырылуда», - деді өңір басшысы Жансейіт Қансейітұлы.
Шара барысында облыс әкімі екі қызметкерді «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапаттаса, қос өрт сөндірушіге грамота табыс етті.
Бір айта кетерлігі, өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметі мемлекеттік мекемесінде 181 бірлік өрт сөндіру техникасы бар. Оның 121-і өрт сөндіру, 22- сі арнайы, 38 бірлігі көмекші автокөліктер. Осы техникалардың 93-і 20 жылдан астам уақыт пайдаланылыпты.

UWW президенті Ненад Лалович Қазақстанға келді
Қоғам • Бүгін, 14:23
Қала көркіне айналмақ эко-парк
Экология • Бүгін, 13:23
12 сәуір – Ғылым қызметкерлерінің күні
Президент • Бүгін, 12:25
Адамзаттың ғарыш көгіне самғағанына – 65 жыл
Технология • Бүгін, 12:10
Астанада өткен Nobel Fest x Teachers’ Summit форумында не айтылды?
Ғылым • Бүгін, 11:22
Қазақстанда ғалымдардың табысы қандай?
Ғылым • Бүгін, 11:11
Ғылым – ұлттық қуаттың интеллектуалды қалқаны
Ғылым • Бүгін, 11:01
Айды зерттеу: Қазақстан ғылымындағы ізденістер
Ғылым • Бүгін, 10:20
Астанада пәтерден шыққан өрттен үш бала қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 10:03
Астана мен Алматыда доллар қаншадан сатылып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:38
Мемлекет басшысы Пасха мерекесімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:20