23 Желтоқсан, 2016

Қызылордада медициналық ұйымдарға 25 мыңнан астам адам тіркелген

85 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Осы жылдың басында медициналық ұйымдар тарапынан халық санағы бойынша үлкен жұмыс жүргізілді. Нәтижесінде медициналық ұйымдарға тіркелген азаматтар саны 25760 адамға артты. Бұл туралы Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова хабарлады. «Халық санағын өткізу 2016 жылы республикалық бюджеттен қосымша 154,5 млн теңге тартуға мүмкіндік жасады. Осыған байланысты биыл скринингтен өткен тұрғындардың саны 10 мыңға артып, 257869-ды құрады,- деді Ақмарал Әлназарова. 10 айдың қорытындысы бойынша скрининг-тексеруден өтуге жоспарланған халықтың 96,8% тексерумен қамтылып, анықталған аурулар саны 7%-ға өсті. Жүрек-қан тамыры жүйесінен анықталған аурулар 6,5%-ға, глаукомамен анықталған аурулар 2 есеге өскен. Мұнымен қоса, 2742 науқаста ісік алды аурулары анықталып, қатерлі ісік ауруының  анықталуы 3,4 есеге артқан. Қатерлі ісік ауруының ішінде бірінші сатыда анықталғандар өткен жылмен салыстырғанда 7%-дан 19%-ға дейін жоғарылаған. Анықталған аурулардың 96%-ы диспансерлік есепке алынды.