03 Қыркүйек, 2011

Мәжіліс бюросының алғашқы отырысы

304 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Парламент Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамед­жа­нов­тың жетекшілігімен жаңа сессиядағы палата бюросының алғашқы отырысы өтті. Онда Парламенттің бесінші сессия­сы­ның ашылуындағы Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев ай­қын­дап берген міндеттерді жүзеге асыруға қатысты мәселелер талқыланды. Бюрода Мәжілістің алғашқы жалпы отырысының күн тәрті­біне енгізілетін заң жобалары ту­ралы сөз болды. Палата депу­тат­тары Үкіметтен Мәжіліске келіп түскен жаңа заң жобалары бой­ын­ша қорытынды әзірлеу мәсе­ле­лерін қарайды. Атап айтқанда, «2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» және «Қазақстан Республикасы­ның Ұлттық қорынан 2012-2014 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заң жобалары бойынша қорытынды әзірлеу міндеті Қаржы және бюд­жет комитетіне жүктелмекші. Палатаның Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік ко­митеті де бірнеше жаңа заң жобасы депутаттардың назарына ұсынылатынын хабарлады. Заң­на­ма және сот-құқықтық реформа комитеті «Мемлекеттік құқық­тық статистика және арнайы есеп­ке алу туралы» Заңға түзе­ту­лер енгізуді көздейтін заң жо­ба­сына қорытынды әзірлеу мерзімін белгілеу жөнінде, сонымен қатар, «Мүдделік қолдау қызметі туралы» заң жобасымен жұ­мыс­ты жалғастыру мәселелерін қа­рау­ды ұсынды. Бюро отырысында Мәжілістің заң шығармашылық ісіне қатыс­ты басқа да мәселелер қаралды. «Егемен-ақпарат».