24 Желтоқсан, 2016

Мәжілістегі бірлескен отырыс

151 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
«Нұр Отан» партиясының Парламент Мәжілісіндегі фракциясы жанындағы Әлеуметтік кеңес пен Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті бірлесіп, «Халыққа арнайы әлеуметтік қызмет көрсету және әлеуметтік сала қызметкерлерінің мәртебесі туралы» деген тақырыпта отырыс өткізді, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі. «Арнайы әлеуметтік қызметтер – қиын тұрмыстық жағдайға тап болған­дарға қатысты мемлекет тарапынан жасалатын ерекше миссия. Осы орайда тиімді арнайы әлеуметтік қызмет өмірлік проблемаларға тап болған адам­дарға барлық әлеуметтік жұмысты айқын­дайтын ықпал деп білуге болады. Біздің еліміздегі бұл жұмыстың жағдайы қалай? Иә, бізде «Арнайы әлеу­меттік қызметтер туралы» Заң қабыл­данды. Оларды жүзеге асыруға байланысты бірнеше стандарт бекітілді. Мемлекеттік бюджеттен жыл сайын қомақты қаржы бөлініп отыр. 800-ден астам мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар, соның ішінде 103 үкіметтік емес ұйым арнайы әлеуметтік қызмет көрсетеді. Аталған жүйеде республика бойынша 30 мыңға жуық адам жұмыс атқарады», – деді отырыста «Нұр Отан» партиясының Парламент Мәжілісіндегі фракциясы жанындағы Әлеуметтік кеңестің төрағасы Шавхат Өтемісов. Әлеуметтік кеңесте көрсетілетін қыз­меттің сапасы қандай? Әлеуметтік қызмет жұмысының жүйесі қаншалықты тиімді ұйымдастырылған? Мұқтаж адамдар үшін олар қолжетімді ме? Әлеуметтік қызметкерлердің біліктілігі халықаралық стандарттарға сәйкес пе? Оларды дайындау қалай жүргізіліп жатыр? Үкіметтік емес сектор қызметінің аталған саладағы нәтижесі қандай? Және ең маңыздысы, қиын жағдайға тап болғандарға көмек көрсету үшін бөлінетін миллиардтаған бюджеттік қаражат қаншалықты тиімді жұмсалуда? –  деген сұрақтарға жауап ізделді. Тақырыпқа негізгі баяндаманы Ден­сау­­лық сақтау және әлеуметтік даму ми­нистрі­нің орынбасары Светлана Жақыпова жасады. Ол 10 айдың қорытын­дысы бо­йынша елімізде арнаулы әлеумет­тік қыз­меттерді 800-ден астам ұйымның көр­­сет­кенін айтты. Жыл өткен сайын қыз­мет алу­­шылардың саны да арта түсіп келеді екен. Мәжіліс депутаты Жанат Омарбекова аталған тақырып бойынша қосымша баян­дама жасады. Оның мәлімдеуінше, 2015 жылы аталған бағытқа мемлекет қазынасынан 32 млрд теңге бөлінген. Отырыс барысында Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, Білім және ғылым министрліктері өкілдерінің баяндамасы, депутаттар мен қоғамдық ұйымдар өкілдерінің сөздері тыңдалды. Іс-шараға Парламент Мәжілісінің депутаттары, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, Білім және ғылым, Ұлттық экономика министрліктерінің басшылары, әлеуметтік саладағы қауымдастықтардың, орталықтардың, қорлардың және басқа да қоғамдық  ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Әлеуметтік кеңес отырысының қоры­­­тын­­дысы бойынша ұсынымдар әзірленеді.