26 желтоқсанда Астанадағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, журналист Төлен Тілеубайдың «Тәуелсіздік - тұмарым» атты жаңа кітабының тұсаукесері өтті. Аталған шараға саясаттанушы Кенжеболат Жолдыбай, журналист Талғат Батырхан, дінтанушы-ғалым Омар Жәлел, "Қазақстан" РТРК АҚ Интернет-редакциясының жетекшісі Мейрамхан Жапек қатысты.
Жаңа жинақ Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «BAQORDA» баспасынан басылып шықты. Оған автордың әр жылдары қазақ баспасөзінде жарияланған сұхбаттары, сараптамалық мақалалар және публицистикалық шығармалары топтастырылған.
«Тәуелсіздік - тұмарым» - журналистің екінші жинағы. Бұған дейін оның «Өлке» баспасынан «Аласапыран Америка» атты тұңғыш кітабы жарыққа шыққан болатын.
Бір айта кетерлігі, Т.Тілеубай Қарағандыда жаңадан жарық көрген «Сана», республикалық «Астана ақшамы», «Жас қазақ» газеттерінде, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясында, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Үкіметтік басылымдар редакциясында қызмет еткен. Ол «Еуразия сақинасы» атты Еуразия жастарының ақпараттық форумының дипломанты, «Шабыт - 2003» халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің «Журналистика» аталымы бойынша Гран-При иегері.

Швейцария құрамасы Босния және Герцеговинаны 4:1 есебімен жеңді
Спорт • Бүгін, 02:05
Жамбыл облысында екі полиция басшысы бас бостандығынан айырылды
Заң мен Тәртіп • Кеше
Қазақстанда 32 мыңнан астам электр көлігі тіркелген
Қоғам • Кеше
Прокуратура араласуымен ірі инвестордың құқықтары қорғалды
Заң мен Тәртіп • Кеше
Әкімдер Президентке есеп берді: Өңірлік даму мен жоспарлар қаралды
Президент • Кеше
Алматыда заңсыз салынған дүкен сүрілді
Заң мен Тәртіп • Кеше
Астанада 16 мыңнан астам түлекке аттестат тапсырылды
Қоғам • Кеше
«Штрафстан» туралы сынға жауап: Депутат рақымшылықтың мәнін түсіндірді
Заң мен Тәртіп • Кеше