06 Қыркүйек, 2011

БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҒЫ

362 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы                       Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды                      Қаржы министрлігінің реттеу агенттігінің                                   2009 жылғы 18 ақпан 2008 жылғы 18 қыркүйектегі                      №  76  Астана қаласы № 295-НҚ  Астана қаласы

БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҒЫ Қазақстан Республикасы Табиғи  монополияларды реттеу және бәсекелестікті  қорғау жөніндегі агенттігі мен Қазақстан  Республикасы Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігінің өзара іс-қимылы  жөніндегі Нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 11 қыркүйектегі № 222-НҚ және Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 10 қыркүйектегі № 96 Бірлескен бұйрығының күшін жою туралы

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 48-бабының 2-тармағына сәйкес бұйырамын: 1. «Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігінің өзара іс-қимылы жөніндегі Нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 11 қыркүйектегі № 222-НҚ және Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 10 қыркүйектегі № 96 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілмінде № 2528 нөмірмен тіркелген, «Ресми газеттің» 2003 жылғы 1 қарашадағы № 44 (149) нөмірінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Бақылау және талап қою жұмысы департаменті (М.Ж.Орынбаев) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (Е.О. Есіркепов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін: 1) оны заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жаиялауды қамтамасыз етсін; 2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін. 4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитеті осы бұйрықты бюд­жеттік бағдарламалар әкімшілері мен мемлекеттік кәсіпорындардың назарына жеткізсін. 5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Табиғи               Қазақстан Республикасы монополияларды реттеу                                Қаржы министрі агенттігінің төрағасы _________Н. Ш. Алдабергенов.                __________ Б.Б. Жәмішев.