Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды Көлік және коммуникация реттеу агенттігі министрлігі Астана қаласы Астана қаласы 2011 жылғы 27 маусымдағы 2011 жылғы 30 маусымдағы №186-нқ №405
БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ Әуежайлардың реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) технологиялық жағынан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-1-бабы 1-1-тармағына сәйкес бұйырамыз: 1. Қоса беріліп отырған Әуежайлардың реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) технологиялық жағынан байланысты қызмет түрлерінің тізбесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттінің Темір жол көлігі, азаматтық авиация және порттар саласындағы реттеу департаменті (Г.Қ. Ыбыраева) Қазақстан Республикасының заңамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (Р. Е. Сүлейменова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін: 1) оны бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгіленген тәртіппен жариялауды қамтамасыз етіп, жарияланғаны туралы мәліметтерді кейіннен Заң департаментіне (М.Ш. Мукушева) табыс етсін; 2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Қ.М. Смағұловқа және Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі А.Ғ. Бектұровқа жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы ҚазақстанРеспубликасының Табиғи монополияларды реттеу Көлік және коммуникация агенттігінің төрағасы министрі _________________Н. Алдабергенов ________________Б. Камалиев Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2011 жылғы 27 маусымдағы № 186-нқ және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 30 маусымдағы №405 бірлескен бұйрықтарымен бекітілген Әуежайлардың реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) технологиялық жағынан байланысты қызмет түрлерінің тізбесі 1. Жолаушыларға қызмет көрсету. 2. Шектеулі кіру аймағынан өтетін қызметкерлерді және бөгде ұйымдардың көлік құралдарын тексеру және рұқсатнамамен қамтамасыз ету. 3. Көлік құралдары кіру үшін жолдарды ұстауды қамтамасыз ету. 4. Бөгде ұйымдарды әуежай аймағында өртке қарсы қамтамасыз ету. 5. Жолаушыларға, экипаж мүшелеріне ұзақ уақыт күту залын ұсыну. 6. Жүкті өңдеу. 7. Жүктердi жиырма төрт сағаттан артық сақтау. 8. Әуе кемесін авиациялық жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету. 9. Бөгде ұйымдарға жанар-жағармай материалдарын және арнайы сұйықтықтарды сақтау бойынша қызметтер. 10. Әуе кемесіне техникалық қызмет көрсетудің транзиттік нысаны бойынша қызмет көрсету. 11. Әуе кемесін күтіп алуды – жөнелтуді қамтамасыз ету. 12. Жолаушыларды отырғызу/түсіру. 13. Жолаушыларды жеткізу. 14. Экипажды жеткізу. 15. Жолаушылар мен әуе кемесінің экипаждарын борт тамағымен қамтамасыз ету. 16. Дербес қызмет көрсету және жолаушыларды оның ішінде бақыланатын аймақта ерітіп жүру. 17. Багаж, жүк және поштаны дербес алып жүру. 18. Сүйрету. 19. Ішкі тазалау. 20. Әуе кемесінің сантораптарына (дәретханаларына) қызмет көрсету. 21. Ауыз суды толтыру. 22. Әуе кемесіне электрэнергиясын беру. 23. Әуе кемесін кондиционерлеу. 24. Әуе кемесін қар мен мұздан тазарту. 25. Авиақозғалтқышқа май құю. 26. Жүйені оттегімен толтыру. 27. Әуе кемесін азотпен немесе тығыздалған ауамен толтыру. 28. Гидрожүйені тексеру және толтыру. 29. Авиақозалтқыштың әуе жіберуін қамтамасыз ету. 30. Ангардағы тұрақ. 31. Ұшуларды штурмандық қамтамасыз ету. 32. Навигациялық есептерді беру. 33. Флайт-жоспар құру. 34. Аэронавиагациялық ақпараттар жинағын жалға алу. 35. Радионавигациялық карталарды жалға беру. 36. Болжамдалған желді ескере отырып, авиациялық жанар-жағармай материалының қажетті мөлшерінің есебі. 37. Экипаж мүшелерін ұшар алдында медициналық тексеру. 38. Әуе кемесінен қоқыс шығару және пайдаға асыру. 39. Әуе кемесінің әрбір түрі бойынша алынбалы жабдықтар мен борт ыдыстарын санитарлық өңдеу. 40. Техникалық персоналды (операторды) беру. 41. Арнайы техникалық және көлік құралдарын беру. 42. Тапсырыс жасалған (чартерлiк) авиа рейстерге метеорологиялық қамтамасыз етудi ұсыну. 43. Авиа тасымалдарды қамтамасыз ету процесіне қатысатын бөгде ұйымдарды ауысым алдындағы медициналық тексеру. 44. Жүктi буып түю. 45. Әуеайлақ ауданындағы бөгде ұйымдарға желіайлағының жарамдылығын қарау. 46. Әуе кемесiне техникалық және желілік қызмет көрсету. 47. Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу. 48. Азотты, оттегін, сығылған ауаны дайындау және iске асыру бойынша қызметтер мен баллондарды жөндеу. 49. Жабдықтарды тексеру бойынша метрологиялық қызметтер. 50. Әуе кемесiн сүйемелдеу. 51. Әуежай аумағындағы бөгде ұйымдардың желдромын тазарту. 52. Әуежайдың инфрақұрылым объектілерiн әуеайлақ кешені бөлінісінде пайдалану. 53. Тiкұшақтарды әуеайлақтан тыс апатты – құтқаруды қамтамасыз ету. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 27 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 7088 болып енгізілді.Түрлі-түсті металдар бойынша 60 перспективалы учаске анықталған
Қазақстан • Бүгін, 15:19
Екібастұзда оқушы жылу құбырынан аққан суға күйіп қалған
Оқиға • Бүгін, 15:02
Астанада сырғанақтар мен мұз айдындары ашылады
Елорда • Бүгін, 14:50
Өскемен қаласының жаңа әкімі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 14:48
Елімізде ең жоғары жалақы кімдерге ұсынылады
Қаржы • Бүгін, 14:10
Алматы облысында көлік салығынан жалтарғандар анықталды
Қоғам • Бүгін, 13:34