2016 жылы карта нарығы жүйелі түрде өзгерген. Алғаш рет нарықтағы несие картасының үлесі 5-6%-ға артып, бірден 13%-ды құрады. Бұл туралы ranking.kz сілтеме жасап 7kun.kz хабарлады.
Қолданылған несие карталары саны бір жылда бірден 2,6 есеге өсіп, миллионнан асты. Қараша айындағы нәтиже бойынша нарықта белсенді түрде қолданылған карталардың саны 1,08 миллионнан асқан. Осылайша, банктік карталар нарығында несие карталарының үлесі басым.
Сондай-ақ, тиімді cash-back, карта арқылы ұсынылатын несиелік сатып алулар және ешқандай алдын ала төлем жасамай тауар сатып алу сияқты қызметтер бойынша несиелік картаны қолданатындардың саныны артқан.
Бұдан бөлек, несие карталары арасында Visa халықаралық жүйесін пайдаланғандардың үлесі басым (бірден 16,3%-ға дейін өскен). Бір жыл ішінде қолданылған Visa картасының саны 2,6 есеге өсіп, 939 мыңнан асты.
MasterCard жүйесінде пайдаланылған несие карталарының үлесі 8% немесе саны шамамен 3 есеге артып, қараша айында 122,9 мыңға жуықтады.
Қараша айының нәтижесі бойынша несие картасын еңбекке қабілетті әрбір сегізінші қазақстандық пайдаланады.