Жақында елордадағы Президенттік мәдениет орталығында Астана мектептерінің мұғалімі жиналып, тілдерді оқыту жөнінде пікір алмасты.
Оған Мәдениет министрлігі Тіл комитетінің сарапшысы А.Махамбетова, Еуразия Ұлттық университетінің орыс тілі кафедрасының оқытушысы Н.Қажыкенова, «Астана дарыны» орталығының меңгерушісі Г.Мырзағалиева қатысты. Қалалық білім басқармасының әдіскері Б.Түлкібаева «Астана мектептерінде филологиялық білімді жетілдіру: болашағы мен мүмкіндіктері» атты тақырыпта ой өрбітті. Сонымен қатар, дарынды балалармен тиімді жұмыс істеу туралы елордадағы қазақ-түрік лицейінің мұғалімі Б.Сағиева өз тұжырымдарымен таныстырды. Ол оқытудың сапасын жақсартудың бірден-бір жолы ретінде бақылау алып тұрудың маңызы зор екенін, бұл ҰБТ-да өз нәтижесін беретініне дәлелді дәйектер келтірді. Ал №62 орта мектеп мұғалімі Р.Егізбаева балалар шығармашылығын дамыту арқылы педагогикалық шеберлікті шыңдауға болатынын өзінің іс-тәжірибесімен дәлелдеп, қойылған сұрақтарға нақты мысалдармен жауап берді.
Н.БЕРІШКЕЕВА, Астана қаласындағы №56 орта мектептің орыс тілі пәнінің мұғалімі.