27 Желтоқсан, 2016

АҚШ-қа 10 жылға дейін виза алуға болады

120 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Келер жылдан бастап Америкаға бет алған Қазақстан азаматтарына 10 жылға дейін виза алуларына рұқсат етіледі. Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов мәлім етті, деп жазады Хабар24. Визаны туристік, дипломатиялық және бизнес мақсатта рәсімдеуге мүмкіндік бар. Ал елімізге келген шетел азаматтары 5 күн ішінде арнайы органдарға барып міндетті түрде тіркелуі тиіс. Қазақ елі әлемнің 60-тан аса мемлекеттіне есігін айқара ашып, шетелдік азаматтарға отыз күнге дейін виза рәсімдемей-ақ ел аумағына кіруге жағдай жасады. "Жыл соңына қарай біз АҚШ-пен келіссөздерді аяқтадық. Бұрын 5 жыл болған мерзімді 10 жылға ұзарттық. Бұл екі ел азаматтарына өте ыңғайлы болады," - дейді ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов.