Таразды 2000 жылдық тарихы бар, ежелгі әрі жасарған қала деп жатамыз. Ежелгі шаһар екені рас, жыл өткен сайын жасарып, жаңарып жатқаны да шындық. Елбасы пәрменімен былтыр Қазақ хандығының 550 жылдығы қарсаңында Қазақстанның облыстары мен Астана және Алматы қалалары көмекке келіп, қаланы жұмақтың төріне айналдырып жіберді. Нұрсұлтан Әбішұлы салтанатты жағдайда ашқан «Көне Тараз» тарихи-мәдени орталығындағы ежелгі қаланың орны сан ғасырдан сыр шертеді.
«Қарахан» кесенесінің тұсындағы көздің жауын алатын гүлзарлар мен қаланың батысынан орын тепкен Керей мен Жәнібек хандардың ескерткіштері қандай! Тараздың шығысы мен батыс тұсындағы қалалықтар «бүкір» көпір атап кеткен автокөлік өткелдері бүгінде өзінше бір ансамбль. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті саябағы бірнеше жылдан бері тараздықтар мен қала қонақтарының серуендейтін, ғажайып орнына айналды. Алматы, Шымкент қалалары мен Жаңатас-Қаратау бағытынан келетін жол бойындағы қалаға енер тұсқа орнатылған еңселі қақпалар да көркемдігімен Тараздың атын аспандатып тұр. «Астана» және «Бәйтерек» шағын аудандарындағы тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар да қала ажарын одан сайын аша түскен. Көше бойларын жөндеу, басқа да нысандарды әрлеу, жаңалау жұмыстары жыл сайын жалғасып жатады. Биылдың өзінде осындай 19 нысан қалпына келтірілді.
Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейлі мерекесіне тарту ретінде жақын арада қалалықтар мен қонақтардың көзайымына айналатын Төле би даңғылы мен Әл-Фараби көшесінің қиылысындағы «Гүлденген Қазақстан» мемориалды кешені тотыдай таранған Таразды одан сайын көркейте түседі.
Осындай жасарып, жаңарып жатқан қалада халық саны неге көбеймейді? Тіпті, ана жылы Тараз қаласының бас жоспары бекітілгенде Байзақ және Жамбыл аудандарына қарап келген қала маңындағы бірқатар елді мекендер мен саяжайлар облыс орталығына енгенімен тұрғындар саны 400 мыңға да жетпеді. Қайта 2009 жылы қалада 380 мың адам тұрса, облыстық статистика департаментінен алған мәліметке қарағанда биылғы 1 шілдеге облыс орталығы тұрғындарының саны 364 мың 172 адам ғана. Дегенмен, бұл саннан аз-кем ауытқушылық болар, бәрібір 400 мыңға маңайламайды. Ал Алматы мен Астана қалаларынан кейін тұрғындар саны жағынан үшінші орын алатын Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы – Шымкент қаласында 886 мыңға жуық адам тұрады екен. Алдағы екі-үш жылда Қазақстандағы үшінші миллионер қала атанбақ.
Бала туу көрсеткіші төмендеп кетті деуге болмас. Мәселен, қаланың табиғи өсіміне тоқталар болсақ, бұрнағы жылдарды айтпай-ақ былтыр – 1452, ал биылғы 1 шілдеге дейін 1497 нәресте дүние есігін ашқан. Тіпті, егіздер, үшемдер де өмірге келіп жатады. «Өмір бар да, қаза бар», былтыр – 576, биыл – 741 қала тұрғыны қайтыс болыпты. Әрине, өмір болған соң, көші-қон процесі тоқтамайды. Ел тәуелсіздігін жариялаған алғашқы жылдары барлық мемлекеттердің есіктері айқара ашылған тұста тарихи отандарына қоныс аударған тараздықтардың орнын алыс-жақын шетелдерден келген қандастарымыз еселеп толтырып жатқан жоқ па?! Бұрын Жамбыл ауданына қарап келген қала іргесіндегі шағын мекендерде шетелдерден келген қандастарымыз аз емес.
Осы жерде бір ой туады. «Днепро» украин мәдени орталығы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Федор Клименко мен №40 гимназияның директоры, облыстық немістер қоғамы қоғамдық бірлестігінің президенті Александр Гибнер Қазақстанды отаным, Таразды туған қалам дейді. Олар мұндай жүрекжарды пікірлерін мерзімді басылым беттерінде әркез айтып келеді. Федор мен Александр сияқты Тараз қаласының көркеюіне айтарлықтай үлес қосып жүрген өзге ұлттың өкілдері қаншама!?
Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы мекемесіне биыл 3989 адам жұмыс іздеп келіпті. Барлығы 4152 адам жұмыспен қамтудың әлеуметтік шараларымен қамтылса, оның 627-і «Жұмыспен қамтудың-2020 жол картасы» бағдарламасы аясында қатысқан. 3152 тараздық тұрақты жұмыс орындарына орналасқан. Жұмыс берушілер тарапынан 3006 бос жұмыс орындары туралы мәліметтер түсіп, 8 айда 6 рет бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткен. Мұндай шара жыл сайын жүйелі түрде өткізіліп тұратынын ескерсек, қалалықтарды жұмыспен қамтуда қандайда бір мәселе туындап отыр деп тағы да айта алмайсың.
Оның үстіне облыс орталығында өндіріс орындары да көптеп шоғырланған. Жыл сайын Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында іске қосылып жатқан жобалардан жүздеген жұмыс орындары ашылып жатыр. Қалада шағын және орта кәсіпкерлікті өркендетуге, сауда-саттыққа мүмкіндік мол.
Қаланың табиғаты да қолайлы, жылдың төрт мезгілі де жанға жайлы. Басқа өңірлерге қарағанда, азық-түлік тауарлары арзан, халыққа қызмет көрсететін орындардағы қызмет түрлерінің бағасы да төмен. Басқаны айтпай-ақ, қалаішілік автобустарда билет бағасы бар болғаны 55-ақ теңге. Солай бола тұра, жұмыс іздеген тараздықтардың кейбірі «жалақысы аз» деп ұсынылған жұмыстан бас тартып жатады. Жалақыны аз көретіндер жастар арасында көп. Алайда, олар Тараздың арзан қала екенін ескере бермейді.
Мүмкін, «үйі жоқтың күйі жоқ» дегендей баспанаға зар болған адамдар басқа өңірлерге кетіп жатыр десең, ол да ақылға сыймайды. Қай өңір «міне, өз үйің-өлең төсегің» деп пәтер кілтін ұсынып, құшағын жайып отыр? Барлық жерде заң ортақ, пәтер дегеніңіз мемлекеттік бағдарламалар бойынша рет-ретімен беріліп жатады. Түрлі санаттар бойынша кезекке тұрғандар да кезегін күтеді. Пәтер дегеннен шығады, жақында республикалық телеарналардың бірі Қазақстандағы пәтер құны ең арзан қала деп Таразды атады. Онда тараздықтар басқа өңірлерден неге жайлы өмір іздейді?
Амандық болса тотыдай таранған Тараз әлем назарын өзіне аударып, алыс-жақын шетелдерден туристер ағылады. Қарахан, Айша бибі кесенелері, бұрынғы көк базардың орнындағы аспан асты мұражайы, тағы басқа сан ғасырлық жәдігерлер ел көріп, жер танып жүрген төрткүл дүниенің озық ойлы азаматтарын өзіне тартпай тұрмайды. Қалаға туристердің көптеп келуінен қызметтің сан түрі пайда болады, қаланың бюджеті толады, халықтың әл-ауқаты еселеп артады. Сол кезде Ұлы Дала елінің әр қиыры қазақ үшін құтты мекен болғанымен сүйікті қалаң – Таразға қайтып, жете алмай жүрме, ағайын!
Амангелді ӘБІЛ,
журналист
Жамбыл облысы

200 млн долларлық жоба: «Қазақмыс» өндірісті жаңа деңгейге шығармақ
Экономика • Бүгін, 20:12
Қазақстанда БҰҰ-ның өңірлік орталығы құрылады
Президент • Бүгін, 19:56
БҚО денсаулық сақтау саласындағы жанжал: басқарма жетекшісі уақытша қызметінен кетті
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 19:11
Бернарду Силва ресми түрде «Реал Мадридке» ауысты
Спорт • Бүгін, 18:59
АҚШ-та ұшақ апаты болды: Бір адам қаза тауып, бес адам ауруханаға жеткізілді
Әлем • Бүгін, 18:36
Ұлттық ұланның әскери бөлімінде Мәлік Ғабдуллин атындағы дәрісхана ашылды
Өшпес даңқ • Бүгін, 18:08
Астанада тағы бір көше маусым айының соңына дейін жабылады
Елорда • Бүгін, 18:00
Мәжіліс депутаты еліміздегі кәсіби мерекелер санын қысқартуды ұсынды
Парламент • Бүгін, 17:55
Әбутәліп Мүтәлі: Жер сілкінісі туралы ескерту қысқа уақыт ішінде жетуі тиіс
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:43
Ресейде қоқыс жәшігінен сәбидің мәйіті табылды
Әлем • Бүгін, 17:35
Қазақстанда шетелдік қаржыландыруды бақылау жүйесін қайта қарау ұсынылды
Қоғам • Бүгін, 17:25
Депутат шетелдік гранттардың қай бағыттарға жұмсалып жатқанын көрсетуді талап етті
Парламент • Бүгін, 17:13
Air Astana әуе компаниясының экс-басшысы жаңа қызметке тағайындалды
Оқиға • Бүгін, 16:57
Биыл қазан айында Қосшы қаласында жаңа суперкомпьютер іске қосылады
Президент • Бүгін, 16:48
Өртке қарсы 193-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті құралымы ашылды
Қоғам • Бүгін, 16:44