Қарулы Күштердің жауынгерлік құрамы 4++ үлгісіндегі Су-30СМ заманауи көп функциялы жойғыш ұшақтарының кезекті партиясымен толықты. Ұшақтың бұл түрі өзінің ұшу және тактика-техникалық сипаттамалары бойынша әлемдік ғылыми-техникалық ілгерілеудің аса жоғары деңгейімен алғанда әскери ұшақ құрастыру саласында 5-ші үлгіге барынша жақындатылған.
Ұшақ қарсыластың ақпараттық және атыспен қарсы іс-қимыл жасау жағдайында тәулік бойы, кез келген ауа райында базадан едәуір қашықтықта жауынгерлік тапсырмалардың кең спектрін орындауға қабілетті. Су-30СМ әуе нысаналарын, сондай-ақ, жерүсті және суүсті нысандарын жою бойынша тапсырмаларды шешеді. Қару-жарақтың кең түрімен және борттық радиоэлектронды құрылғының заманауи кешенімен жабдықталған.
Аталған жойғыш ұшақты ойдағыдай меңгеру үшін техниканың қыр-сырын жақсы біліп, ұдайы өзін өзі жетілдіріп отыру қажет. Бір жарым жыл ішінде ұшқыштар аталған ұшақты сәтті меңгерді. Бұған дәлел ретінде, бірқатар оқу-жаттығуларға қатысуын атап өтуге болады. Су жаңа авиациялық техниканың жеткізілуі, жалпы алғанда, Қазақстан Қарулы Күштерінің ұшулар қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.
Бұл туралы авиациялық база командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары, подполковник Теміртас Ыбыраев атап өтті.
Су-30СМ ұшақтарының алғашқы партиясы Қазақстан Әскери-әуе күштерінің жарақтандырылуына 2015 жылы бұдан бұрын Қазақстан мен Ресей қорғаныс ведомстволары басшыларының арасында қол жеткізілген уағдаластық шеңберінде келіп түскен болатын, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Жәдігер • Бүгін, 09:45
Бокс • Бүгін, 09:40
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:30
Солтүстік спортындағы соны серпін
Спорт • Бүгін, 09:25
Балалар құқын қорғайтын басқарма
Шымкент • Бүгін, 09:20
Миранда қағидасы «Үндемеуге құқыңыз бар»
Құқық • Бүгін, 09:15
Классикалық үлгіге қосылған еңбек
Әдебиет • Бүгін, 09:10
Руханият • Бүгін, 09:05
Қазақша сөйлейтін ЖИ: ISSAI зертханасындағы бір күн
Ғылым • Бүгін, 09:00
Жасанды интеллект • Бүгін, 08:55
«Отандық ғарыш саласының жоспары ауқымды»
Сұхбат • Бүгін, 08:50
«Момақан қыз» – оқырман олжасы
Руханият • Бүгін, 08:45
Зиянды қалдықты 40 есеге азайтқан технология
Ғылым • Бүгін, 08:40
Тарих • Бүгін, 08:35
Жер қойнауын зерттеудегі ЖИ үлесі
Ғылым • Бүгін, 08:30