Мұнан былайғы жерде Global құрылыс компаниясы Универсиада-2017 ойындарының серіктесі және Қазақстанның шаңғы жарысы бойынша әйелдер құрамасының ресми демеушісі міндетін атқармақ.
Осыдан 10 жыл бұрын құрылған Қазақстан ұлттық шаңғы федерациясында тұңғыш рет өз жеке демеушісі пайда болып отыр. Осылайша, сейсенбі күні Алматыда 2017 жылғы XXVIII Дүниежүзілік қысқы Универсиадаға дайындау және өткізу жөніндегі дирекция мен Global құрылыс компаниясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Оңтүстік астанадағы ең ірі құрылыс компанияларының бірі болып табылатын Global шаңғы жарыстары бойынша әйелдер құрамасын қолдау жөнінде шешім қабылдап отыр.
«2017 жылы Алматыда өтетін XXVIII Дүниежүзілік қысқы Универсиадаға дайындау және өткізу жөніндегі дирекция» директорының орынбасары Нұржан Әбілқайыр маңызды оқиғаға орай: «Бизнес саласының Универсиадаға шын ниетпен деумеушілік көрсетуге ұмтылғанына қуанып отырмыз. Аталмыш компания спортшыларға нақты көмек керек екенін біліп, бірінші рет серіктес болуға ниет білдірді. Спортшыларымыз барынша жайлы орында жарыстарға дайындалып, жақсы ойын көрсетуді қалайды. Қазір оларға қай тұрғыдан болса да көрсетілетін қолдаулар аса маңызды», – деді.
Global құрылыс компаниясы бақылау кеңесінің төрағасы Мұхит Әзірбаев мұндай айтулы оқиға ілуде бір ғана болатыны алға тарта келе: «Біз тұрғын үй кешендерін тұрғызатын құрылыс компаниясы ретінде спорт саласының дамуына септігімізді тигізіп отырмыз деп есептейміз. Мәселен көпқабатты үйлердің тұрғындары үшін спорт қолжетімді. Өйткені біздің жобаларымыздың ішкі құрылымдарында сапалы балалар және спорт алаңдары бар аулалар ойластырылған. Себебі, әр спортшы өз мансабын сол ауладан бастайды. Ал Универсиада секілді айтулы оқиғаға ортақтасып отырғанымызға қуаныштымыз. Сондай-ақ, болашағынан үміт күттірген жас спортшыларға қолдау көрсету туралы шешім қабылдадық. Жаңа биіктіктерді бағындыру үшін оларға қолайлы жағдайлар туғызғымыз келеді», дейді.
Демеушілікке бөлінген қаржының бір бөлігі спорттық киім-кешектер мен құрал-саймандарды (шаңғы мен бекіткіштің екі түрі) сатып алуға жұмсалмақ. Және бұл қаражат спорттық жиындарға және түрлі жарыстарға, соның ішінде республикалық және халықаралық сайыстарға қатысу дайындықтарына жұмсалады. Қазір әйелдер құрамасында 8 команда мүшесі бар, олар кеше ғана Қазақстанның шаңғы жарыстары бойынша кубогын лайықты деңгейде аяқтады. Атап айтқанда, Анна Шевченко және Ирина Быкова құрама қоржынына үш пән бойынша екі алтын, үш күміс және екі қола медаль қосты.
«Шаңғы жарыстары жөніндегі ұлттық федерация» ҚБ бас хатшысы Андрей Невзоров: «Спортшылардың ойындарға дайындығы қашанда орасан зор күш жұмсауды қажет етеді. Сондай-ақ, бұған айтарлықтай шығын кетеді. Мәселен, бір кәсіпқой шаңғышының саймандары шамамен 1,7 млн теңге тұрады. Бізге мемлекет тарапынан көп көмек көрсетілуде, алайда осындай үлкен компанияның сенім артып, шынайы ниет білдіруі біз үшін үлкен құрмет. Оның үстіне спортшылардың рухы көтеріледі. Бізге сенеді, демек жеңеміз деген сөз».
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген бапкері Александр Батяйкин: «Біздің қыз-жігіттеріміз шамамен 8 оқу-жаттығу жиынында болып қайтты. Ұлттық команданың қатары жаттығу кезінде тамаша нәтижелерді көрсетіп, келешегінен мол үміт күтуге болатын жас спортшылармен толығуда. Әлем кубогында біз жүлделі орындарды алып келдік. Спортшылар Универсиадаға дайындалуда, ең кем дегенде үш медальді жеңуді үміт етіп отырмыз».
Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ

Бернарду Силва ресми түрде «Реал Мадридке» ауысты
Спорт • Бүгін, 18:59
АҚШ-та ұшақ апаты болды: Бір адам қаза тауып, бес адам ауруханаға жеткізілді
Әлем • Бүгін, 18:36
Ұлттық ұланның әскери бөлімінде Мәлік Ғабдуллин атындағы дәрісхана ашылды
Өшпес даңқ • Бүгін, 18:08
Астанада тағы бір көше маусым айының соңына дейін жабылады
Елорда • Бүгін, 18:00
Мәжіліс депутаты еліміздегі кәсіби мерекелер санын қысқартуды ұсынды
Парламент • Бүгін, 17:55
Әбутәліп Мүтәлі: Жер сілкінісі туралы ескерту қысқа уақыт ішінде жетуі тиіс
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:43
Ресейде қоқыс жәшігінен сәбидің мәйіті табылды
Әлем • Бүгін, 17:35
Қазақстанда шетелдік қаржыландыруды бақылау жүйесін қайта қарау ұсынылды
Қоғам • Бүгін, 17:25
Депутат шетелдік гранттардың қай бағыттарға жұмсалып жатқанын көрсетуді талап етті
Парламент • Бүгін, 17:13
Air Astana әуе компаниясының экс-басшысы жаңа қызметке тағайындалды
Оқиға • Бүгін, 16:57
Биыл қазан айында Қосшы қаласында жаңа суперкомпьютер іске қосылады
Президент • Бүгін, 16:48
Өртке қарсы 193-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті құралымы ашылды
Қоғам • Бүгін, 16:44
Жұмыс уақытында мас күйінде ұсталған ауыл әкімі қызметінен қуылмақ
Заң • Бүгін, 16:20
Павлодарда өртеніп жатқан көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен секірген қыз көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 16:10