28 Желтоқсан, 2016

2017 жылы 500 вагон жаңартылады

123 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
2016 жылғы 27 желтоқсанда Министрлікте әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша теміржол жолаушылар тасымалын мемлекеттік субсидиялаудың жаңа механизмін енгізу бойынша жұмыстардың қорытындысы жасалды және 2017 жылға жоспарлар анықталды, деп хабарлады strategy2050.kz Инвестициялар және даму министрлігіне сілтеме жасап. 2016 жылғы 12 ай ішінде жолаушылар тасымалының көлемі 23,4 млн. адамды құрады, бұл 2015 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 4% жоғары. 2017 жылы жолаушылар тасымалының өсуі 5% құрайды деп жоспарлануда. Бұл ретте, 2016 жылы 60 әлеуметтік маңызы бар қатынастарды субсидиялауға 24,9 млрд. теңге бөлінді. Қызмет ету мерзімінің аяқталуына байланысты жыл сайын 100 астам вагон қолданыстан шығарылады. Осыған байланысты, темір жол көлігі мәселесі бойынша заңнамаға айтарлықтай өзгерістер енгізілді. Субсидиялаудың жаңа механизмін енгізу жолаушылар тасымалын толық қамтамасыз ету бойынша кешенді шараларды қабылдауды көздейді. Бірішіден, бұл вагон паркін жаңарту және жаңа пойыздарды іске қосу. Министрлікпен, 2016 жылғы 21 қараша мен 12 желтоқсан аралығында барлық әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жиырма жылдық кезеңге тасымалдаушыларды анықтау бойынша конкурстық процедуралар жүргізілді. Конкурс қорытындысы бойынша келесідей негізгі нәтижеге қол жеткізілді:2017 жылы 55 жаңа вагон сатып алуға 16 млрд. теңге жеке инвестициялар тартылады;тасымалдаушылармен жасасқан шарттар шеңберінде 30% вагондар паркін жаңарту міндеттемелері қабылданды, бұл 500 вагоннан астам. 2017 жылы субсидиялау есебінен қосымша 24 вагон сатып алынатын болады. 2017 жылы Алматы-Шымкент, Астана-Орал, Алматы-Орал және Астана-Алматы-Алтынкөл, Астана-Атырау, Астана-Манғышлақ, Астана-Шымкент маршруттар бойынша жаңа поездар ашылатын болады.Жұмыстың екінші бағыты бұл, қолданыстағы поездардың жиелілігін жоғарылату және сұранысы төмен әлеуметтік маңызы бар қатынастарды оңтайландыру. 2016 жылы Мәскеу, Санкт-Петербург және Киев қалаларына дейін халықаралық поездар тоқтатылды. Поездарды тоқтатудың негізгі себептері болып:тасымалдың әуе көлігімен бір деңгейдегі жоғарғы құны;Ресей Федерациясы аумағы бойынша аталған поездардың толуының төмен болуы (44%) болып табылады. 2017 жылы поездардың жаңа қозғалыс кестесі бірінші кезекте әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша тасымалдың қажеттілігі есебімен келісілген. Мысалға алғанда, 307/308 Жезқазған – Астана жолаушылар поездының қатынауы 2017 жылдан бастап күнара қатынауын күнсайынға ауыстыру жоспарлануда. Үшінші бағыт, бұл, сапаны жақсарту және жолаушылар тасымалы қауіпсіздігі үшін нормативтік шарттар жасау.2016 жылдың 2 желтоқсанынан бастап жаңа Жолаушылар тасымалы қағидасы енгізілген. Мысалға, жаңа Қағидада төсек жабдықтарын ұсыну тәртібі және шарттары, электрондық қызмет көрсетуді ұсыну, вагондарды жабдықтау бойынша талаптарды жоғарылату және т.б. жетілдірілген. Сонымен бірге, субсидиялау шарттарында жолаушылар тасымалының сапасын және поездарда сервистік қызметтерді арттыру бойынша шаралар бекітілген. Мысалға, 2017-2018 жылдарға:поездың кешігуі жағдайында жолаушыларды хабарландыру жүйесі;жол жүру құжаттарын сату жүйесінде «күту кестесін» құру;ұсыныстар мен шағымдарды ұсыну үшін «Call-centre» енгізу;жолсеріктермен жолаушыларға қызмет көрсету стандарттарын енгізу және т.б. енгізілетін болады. Сонымен қоса, 2017 жылдан бастап террористік қауіп деңгейіне сәйкес 16 теміржол вокзалдарында жолаушыларды қарап-тексеруді енгізу жоспарлануда. Қарап-тексеру бірінші кезекте 5 класттан тыс вокзалдарда өткізілетін болады. Осылайша, тексеріп-қарау бірінші тоқсанда Алматы 1, Алматы 2 және Астана вокзалдарында, бірінші жарты жылдықта Ақтөбе және Қарағанды вокзалдарында, жылдың аяғына дейін қалған теміржол вокзалдарында енгізілетін болады. Қабылданған шаралар:жолаушылар тасымалын мемлекеттік субсидиялаудың айқындылығын жоғарлатуға;қызмет ету мерзімі бойынша вагондардың қолданыстан шығып қалуы есебінен жолаушылар паркі вагондарын жандандыруды қамтамасыз ету және бұл мақсаттарға 16 млрд. теңгеден артық инвестицияны тартуға;әсіресе халықаралық іс-шараларды өткізу аралығында вокзалдардың антитеррорлық қауіпсіздікті жоғарылатуға;азаматтардың барлық санаттары үшін теміржол жолаушылар тасымалының қол жетімділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді.