28 Желтоқсан, 2016

Мұнай бағасы 17 айлық максимумға қымбаттады

228 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше мұнай бағасы бір жарым жылдық максимумға дейін қымбаттады. Оған себеп болған нарықтағы саудагерлердің өткен айдың соңында қабылданған ОПЕК+ елдерінің жаһандық пактына деген сенімі, деп жазады investing басылымы. Бүгін Астана уақытымен 09:00-де Брент маркалы мұнай құны барреліне 56,70 доллар деңгейінде болды. Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылдың мамыр айының соңында қара алтын құны 57-58 долларға тең болған еді. Жалпы, осы аптада Америкадағы Рождество мерекесіне орай және Жаңа жыл мерекесі қарсаңында қор нарығындағы сауда бәсеңдеп, баға көтеріліп келе жатыр. Естеріңізге сала кетейік, ОПЕК+ (ұйымға кіретін және оған кірмейтін мұнай экспорттаушы мемлекеттер) өткен айдың соңында мұнай өндірісін тәулігіне 1,8 млн баррельге азайтуға келіскен. Осы орайда Қазақстанның тәулігіне 20 мың баррель азайтуы тиіс. Келісімшарт келер жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.