Геннадий Головкиннің кезекті қарсыласы америкалық Дэниэль Джейкобс BoxingScene-ге сұхбат берді. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.
2017 жылы Головкин мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен жекпе-жек өткізуі тиіс. Екі тарап әлі келіссөздер жүргізіп жатыр. Алдын ала тараған мәліметтер бойынша бұл кездесу қыркүйек айында өтуі мүмкін.
Қазақстандық боксшы оған дейін 18 наурызда Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden аренасында америкалық Дэниэль Джейкбоспен қолғап түйістіреді. Бұған қоса, америкалық спортшы Геннадийдің барлық белбеуін тартып алып, әлемді таң қалдыратынын айтқан болатын.
«Шынымды айтсам, алда болар Головкин мен Альварестің кездесуі мені мүлдем қызықтырмайды. Шамасы, Геннадий бірінші менімен жұдырықтасатынын ұмытып кеткен сыңайлы. Дегенмен, мұндай жағдай менің басымда бұған дейін де болған. Питер Куиллин жайлы айтқым келіп отыр. Ол мені жеңіп, ары қарай GGG сияқты үлкен жекпе-жектер туралы жоспарлап жүрген. Бірақ бәрі басқаша өрбіді», – деді америкалық спортшы.
«Қазіргі басты мақсатым – 18 наурызға тыңғылықты дайындалып, лайықты өнер көрсету. Бұл үлкен жекпе-жек. Шаршы алаңда 36 минут (12 раунд) шыдас беріп, қажетті нәтижеге қол жеткізгім келеді. Ал қалғаны бос әңгіме», – деді ол.
Айта кетейік, Джейкобс бұған дейін Головкиннің Келл Брукпен өткізген ұрысында қателіктерін байқағанын, оны британиялыққа қарағанда тиімді пайдаланатынын мәлімдеген болатын.
• 28 Желтоқсан, 2016
Джейкобс: Головкин менімен жұдырықтасатынын ұмытып кеткен сыңайлы

Абай облысында жоғалған әйел 18 сағаттан кейін табылды
Құтқарушы • Кеше
Түрмеге ақша кіргізбек болғандардың әректі әшкереленді
Заң мен Тәртіп • Кеше
Кетер аяқ: Дастан Сатпаев дубль жасады
Спорт • Кеше
Жұмысшылар құқығы: Жаңа конституцияның мүмкіндіктері
Заң мен Тәртіп • Кеше
200 млн долларлық жоба: «Қазақмыс» өндірісті жаңа деңгейге шығармақ
Экономика • Кеше
Қазақстанда БҰҰ-ның өңірлік орталығы құрылады
Президент • Кеше
БҚО денсаулық сақтау саласындағы жанжал: басқарма жетекшісі уақытша қызметінен кетті
Заң мен Тәртіп • Кеше
Бернарду Силва ресми түрде «Реал Мадридке» ауысты
Спорт • Кеше