28 Желтоқсан, 2016

2017 жылы Байқоңырдан 17 зымыран ұшырылады

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
ҚР Үкіметі 2017 жылы Байқоңыр айлағынан ғарыш аппараттары мен сынақ зымырандарын ұшыру жоспарын бекітті, деп хабарлайды Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі. Жоспарға сәйкес, Ресей федералды ғарыш бағдарламасы аясында 2017 жылы Байқоңыр айлағынан 17 тасымалдаушы-зымыран ұшырылады. Келер жылы 8 «Союз» тасымалдаушы-зымыраны ғарышқа ұшырылады, олар 4 «Союз МС» көліктік басқарылатын кемелерін, 3 «Прогресс МС» көліктік жүк кемелерін және бір «Канопус В- ИК» ЖҚЗ спутнигін орбитаға шығарады. Ұшыру саны жағынан екінші орында - «Протон-М» тасымалдаушы-зымыраны тұр. 2017 жылы 7 «Протон-М» тасымалдаушы-зымыраны ұшырылады, оның екеуі әскери ұшырылым. Жоспарланған орбиталарға жеткізілетін ғарыш аппараттарының арасында «Глонасс» ресейлік тобының навигациялық қамтамасыз ету, көпмақсатты зертханалық модуль, әлемнің түрлі елдерінің телекоммуникациялық ғарыш аппараттарын коммерциялық ұшырулар бар. 2017 жылы Байқоңыр айлағының ұшырылым жоспарында «Ангосат» телекоммуникациялық спутнигі мен украиналық «Лыбидь» ғарыш аппаратын жіберуге арналған екі «Зенит» тасығыш-зымыранын ұшыру бар. Байқоңырдың биылғы ұшырылым жоспары мерзімінен бұрын аяқталды. Келтірілген статистикаға сүйенсек, 2016 жылы Байқоңыр айлағынан 11 тасығыш-зымыран ұшқан.