28 Желтоқсан, 2016

Абель Санчес - жылдың үздік бапкері

197 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
K2 Promotions промоутерлік компаниясы 2016 жылдың қорытындысын шығарды, — деп жазады bozingnews24.com. Головкин — Брук жекпе-жегі «Жыл оқиғасы» сыйлығын жеңіп алды. Естеріңізге сала кетейін, бұл бокс кеші 10-шы қыркүйек күні Лондондағы О2 аренасында өткен болатын. Айта кету керек, 19 мың билет 11 минутта сатылып кеткен. Ал, Головкин алғаш рет Англияда жұдырықтасты. Абель Санчес екінші жыл қатарынан жылдың үздік бапкері атанды. Ол Головкиннен бөлек, Мурат Гассиев (24-0-0, 17 KO), Денис Шафиков ((38-2-1, 20 KO), Энди Руис (29-1-0, 19 KO), Алекс Сауседо (23-0-0, 14 KO) және Константин Пономаревті (31-0-0, 13 KО) баптап жүр. «Жыл боксшысы» атағы никарагуалық Роман Гонсалеске бұйырды. Ал, оның Карлос Куадраспен өткізген кездесуі промоушеннің 2016 жылғы үздік жекпе-жегі ретінде таңдалды.