28 Желтоқсан, 2016

2017 жылдың бірінші жартысында мемқызметкерлер аттестациядан өтеді

145 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
«100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сәйкес, мемлекеттік аппарат кәсібилендірудің бірден-бір кезеңі мемлекеттік қызметшілерді кешенді аттестаттау түсіндірме жұмыстарын өткізу қарастырылып отыр, деп хабарлайды Хабар24. Аттестация мемлекеттік қызметшілердің құзыреттілігін және білім деңгейін анықтауға мүмкіндік құралы болып табылады. Үстіміздегі жылы желтоқсанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми сайтының жариялымына сәйкес, 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында жоспарланған мемлекеттік қызметшілерді кешенді аттестаттаудан өткізу белгілі болды. Еліміз бойынша 65 мың маман, оның ішінде аймақтарда 58 мың маман аттестациядан өтеді. Мемлекеттік қызметшілерді аттестаттау атқарылып отырған лауазымының санатына қарай үш кезеңде өткізіледі. Барлық аумақтық департаменттерде аттестаттауды өткізу өңірлік және желілік кестесі қалыптастырылуда. Аттестаттаудың бірінші кезеңі 2017 жылдың 16 наурызында өтеді деп жобаланып отыр. Екінші кезең 2 ақпаннан 17 мамырға дейін, үшінші 3 наурыздан 15 маусымға дейін өткізіледі.
Соңғы жаңалықтар

Түтінге тұншыққан Өскемен

Аймақтар • Бүгін, 08:50

Айрықша аквамәдениет

Шаруашылық • Бүгін, 08:45

Азаматтық ұстаным

Саясат • Бүгін, 08:43

Ел өркендеуінің жаңа бағдары

Саясат • Бүгін, 08:38

Жұмысшы құқы неге бұзылады?

Құқық • Бүгін, 08:30

Тарихи таңдау

Пікір • Бүгін, 08:28

21 шетелдік байқаушы аккредиттелді

Референдум • Бүгін, 08:17

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:15