29 Желтоқсан, 2016

Сириядағы Ресей елшілігіне шабуыл жасалды

110 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Дамаск қаласындағы Ресей елшілігіне шабуыл жасалды, - деп хабарлайды РИА Новости РФ СІМ ақпарат және баспасөз департаментіне сілтеме жасап. 28 желтоқсанда күндізгі уақытта Ресейдің Сириядағы елшілігінің территориясына екі жарылғыш зат түскен. Жарылмаған минаны залалсыздандыруға саперлер келген. "Абырой болғанда жарылмай қалған бір мина ресейлік дипмиссияның әкімшілік ғимаратының ауласына түскен. Екіншісі оның маңына түскен", - делінген РФ СІМ хабарламасында.