29 Желтоқсан, 2016

2016 жылы 56,1 км жылу желісі жаңғыртылды

165 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Қазақстанда «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша ТКШ-ні жаңғырту саласында 2016 жылы 56,1 км жылумен қамтамасыз ету желісі жаңғыртылды, деп хабарлайды strategy2050.kz. 20 желтоқсанда өткен  ҚР Үкіметінің отырысында  Қазақстанда  қоғамдық-саяси тұрақтылық сақталып,  жұмыссыздық деңгейін өсірмеу жүзеге асырылғаны айтылды. Мәселен, «Нұрлы жол» бағдарламасы  бойынша көліктік-логистикалық, индустриялық, әлеуметтік  және тұрғын үй    саласында   ірі инфрақұрылымдық жобалардың құрылысы жүргізілді. ««Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы контркезеңдік мағынаға ие,  сондықтан ол экономиканың  құрылымдық реформаларын жалғастырады», - деді  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  2014 жылдың  11 қарашасындағы Жолдауында. Биылғы жылдың 11 айында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 435 млрд теңге немесе жылдық көлемнің 92% -ы игерілді. Жыл бойынша республикалық деңгейде орындалу көлемі шамамен 99,9% болады деп күтілуде. Жергілікті органдар 215,5 млрд теңгені немесе берілген қаражаттың 94,5%-ын игерген, 12 млрд теңге игерілмеген. Игерілмеген қаражаттың ең көп көлемі Маңғыстау мен Ақтөбе облыстарында байқалады. Аутсайдерлер қатарында Алматы, Ақмола және Атырау облыстары бар. Жұмыс өндірісі кестесінен кешігу игерілмеудің негізгі себебі болып табылады. Мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастырудан түскен қаражат 87,4%-ға немесе 25 млрд теңгеге игерілген. Жыл соңына дейін 13 млрд теңгені игеру керек. «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 17 жобаны іске асыру көзделген, соның ішінде көлік саласында 16 жоба: автомобиль жолдары саласында – 11, темір жол саласында – 2 жоба, су шаруашылығы, азаматтық авиация және логистика саласында – 1 жобадан, сондай-ақ кредиттік құрғын үй және үлестік салымдарды қорғау мәселелері бойынша – 1 жоба. «Нұрлы жол» шеңберінде осы жобаларды іске асыруға 2016 жылы 349,8 млрд  теңге бөлінген, соның ішінде – Ұлттық қордан 171,3 млрд теңге бөлінген. 47 % - 165,9 млрд теңге игерілген, соның ішінде ҰҚ - 73 млрд теңге (43%), 183,9 млрд теңгені игеру қажет, соның ішінде ҰҚ-дан – 98,3 млрд теңге.