06 Қыркүйек, 2011

Атқарылған істер ауқымды

326 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қуаныш Сұлтанов Жапония Парламенті Кеңесшілер палатасының депутаты Масахис Сато бастаған делегациямен кездесті, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі. Кездесуде Қазақстан мен Жа­по­ния­ның екіжақты, оның ішінде пар­ламент­аралық ­үнқатысу дең­гейіндегі қатынас­тарын одан әрі дамыту мәселелері бойынша пікір алмасылды. Қ.Сұлтанов таяудағы жер сілкінісі мен цунами салдарынан мыңдаған адамдар қаза болуына және Фукусима-1 атом электр стансасындағы техногендік апат­қа байланысты көңіл айтты. Парламентаралық ынты­мақ­тас­тық­тың екіжақты іс-қимылдың маңыз­ды құрамда­сы екенін айта келіп, тараптар екі мемлекеттің заң шығару органдары ара­сын­дағы байланыстарды белсенділендіру туралы ойларын ортаға салды. Жапония парламентіндегі дос­тық лигасының Қазақстанға қатысты атқарған істерін жоғары бағалай келіп, Қ.Сұлтанов Сенатта Жапония Парламенті Кеңес­ші­лер палатасымен ынтымақтастық тобы жұмыс істейтінін атап көр­сетті. «Жапон әріптес­тер­дің заң шығару саласындағы тәжірибесі бізге зор ықылас ту­ғызады», – деді сенатор. Техногендік апат кезінде зардап шеккен жапон халқына көмек бергені үшін қазақстандық та­рап­қа  алғыс айта келіп, М.Сато «Қа­зақ­стан мен Жапонияның екіжақ­ты қатынаста­рын табысты дамы­ту үшін қажет жағ­дайдың бәрі де бар», деп атап өтті.