30 Желтоқсан, 2016

ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасарлары тағайындалды

177 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасарлары тағайындалды. Мемлекет басшысының Өкімдерімен: Мәлік Кеңесбайұлы Мырзалин Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары қызметінен босатылды; Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары болып тағайындалды. Сондай-ақ зейнеттік жасқа толуына байланысты Дабыр Қамысбайұлы Іңкәрбаев Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының бірінші орынбасары қызметінен босатылғаны хабарланды.