30 Желтоқсан, 2016

Жамбыл облысында құс фабрикасы іске қосылды

542 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
unnamed-2 Жамбыл облысының Байзақ ауданында жылына 4000 тоннаға дейінгі бройлер етін өндіретін «Әулие-Ата Феникс» ЖШС құс фабрикасы жұмысын бастады. Жалпы құны 2 млрд теңгені құрайтын жобаны қаржыландыру «ҚазАгро» холдингінің құрылымындағы компания «ҚазАгроҚаржы» АҚ қатысуымен  жүзеге асырылды. Жаңа өндіріс бұрынғы 1978 жылы салынған, бірақ 90-шы жылдардың басынан бастап жұмыс істеу  мүмкіндігі болмаған ескі өсіретін құс фабрикасының базасында құрылды. Жобаны іске асыру барысында 16 құс қорасына, қоймаларға, зертханаларға, әкімшілік ғимараттарына күрделі жөндеу жұмыстары жүзеге асырылды, сою және құрама жем цехтары қалпына келтірілді, инкубатория салынды. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде 547 млн теңге сомасына нысанды салу кезінде коммуникациялық жүйелердің кеңейтілген желісі жүргізілді. unnamed-1 «ҚазАгроҚаржы» АҚ бөлінген қаражатқа сонымен бірге бройлерлерді еденде бағып күтуге арналған жабдық, құс қорасына жылытқыштар, құс қорасын басқару жүйесі, инкубациялық және тоңазытқыш жабдықтары, құрама жем өндірісі жабдығы, сою желісі сатып алынды. «Әулие-Ата Феникс» ЖШС директоры Фарида Жүнісованың айтуынша, кәсіпорын «Халал» стандарты бойынша жоғары сапалы ет шығаратын болады. Құс фабрикасы жергілікті нарыққа және Қазақстанның басқа қалаларына ет жеткізуді жоспарлайды, көрші Ресей, Қытай, сондай-ақ Вьетнам елдеріне өнімді экспорттау туралы ұсыныстар түсуде. «Жамбыл облысында бройлер етін шығаратын құс фабрикасы «ҚазАгроҚаржы» АҚ қаржыландырған жобалардың бірі. Осындай жобалар, елде қажет өнімді шығаратындар және өңірлерде жұмыс орындарын құратындар үшін ғана пайдалы емес, сондай-ақ аграрлық салада басқа бағыттарды ынталандырушы, көптеген аралас кәсіпорындарға жұмыс беретіндер үшін де пайдалы», – дейді «ҚазАгроҚаржы» АҚ Инвестициялық жобалар департаментінің директоры Бауыржан Сәбитов. unnamed Құс фабрикасының ашылуы рәсімінде Жамбыл облысының әкімі К.Көкрекбаев «Бүгін, индустрияландыру бағдарламасы шеңберінде біз «Әулие-Ата Феникс» ЖШС жобасын ашамыз. Бұл бізге жақын өңірлерді сапалы экологиялық азық-түлік өнімімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, аймақтың бюджетіне салық түсімін арттырады. Осының бәрі жалпы ауданның әл-ауқатын жақсарту үшін оң тиімділігін көрсетеді, Жамбыл облысымен қатар жалпы еліміздің экономикалық дамуына ықпалын тигізеді», – деді өңір басшысы Кәрім Көкрекбаев. Жалпы, республика бойынша «ҚазАгро» ұлттық холдингімен құс фабрикаларының құрылысы бойынша 24 жоба мақұлданғанын атап өту қажет. Жолдыбай БАЗАР