31 Желтоқсан, 2016

31 желтоқсанға арналған ауа райы

152 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
31 желтоқсанда Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайсыз ауа райы сақталып, атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты қар, бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді. Тек қана еліміздің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында ғана жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Қазгидромет. Ақмола облысының кей жерлерінде түнде, басым бөлігінде күндіз бұрқасын болады, жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с  күшейеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады, жел 15-20 күндіз екпіні 25 м/с  күшейеді. Қызылорда, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау, Ақтөбе,  Оңтүстік Қазақстан облыстарында, түнде Алматы облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-25 м/с  күшейеді, бұрқасын болады. Павлодар облысының кей жерлерінде түнде, басым бөлігінде күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерінде бұрқасын болады. Солтүстік Қазақстан облысында жел жел 15-20 м/с күшейіп, бұрқасын болады.