01 Қаңтар, 2017

Елдіктің ерен жеңісі – ЭКСПО

279 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
kazakhstan-astana-expo-city-adrian-smith-gordon-gill-energy-1Тарих табалдырығын аттаған Тауық жылы тәуелсіз Қазақстанның биік беделін төрткүл дүниеге тағы да паш ететін айтулы оқиғаларға толы болғалы тұр. Сол жаһандық шаралардың ішіндегі бірі де бірегейі – ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу. Адамзат ақыл-ойының тамаша табыстарының бірінен саналатын Бүкіләлемдік жетістіктер көрмесінің қос ғасырлық тарихында Орталық Азияда, тіпті ТМД елдерінің ешқайсысында да мұндай халықаралық көрме жалауы желбіреп көрген жоқ. Астанада өтетін ЭКСПО-2017-нің маңыздылығы да осында. Иә, Батыс пен Шығыс өрке­ние­тін жалғастырған алтын көпір атан­ған ару Астананың айтулы эста­фетасы,  енді Бүкіләлемдік көр­мелер алаңы – ЭКСПО-2017-ге ұласпақ. Жаһандық шара­лар тұрғысындағы өзіндік маңызы жағынан бұл көрме осы уақыт­қа дейін елордамызда өткізіл­ген дүние­жүзілік оқиғалардың еш­қай­сысынан артық болмаса, кем емес. Бұл туралы Елба­сы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақ­стан­ның жаңа дәуірінің алғаш­қы күні» атты мақаласында «ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін Астана­да өткізу туралы қабылдаған шешім бұл саммиттен де аса зор ірі оқиғаға айналды. Біз әлі осы жеңісіміздің аса зор маңы­зын сезініп болған жоқпыз. Көрме өтетін елді шын мәнінде бүкіл әлем таңдады. Қазақстан айқын  ба­сым­дықпен жеңіске жетті. Бұл – бүкіл плане­таның тануы мен сенімі», деп атап көрсетті. «Бұл – бүкіл планетаның тануы мен сенімі», қандай көреген­дікпен айтылған дәл тұжырым. 2012 жылы 22 қарашада Париж қаласында өткен жаһандық аламан бәйгеде Халықара­лық көрмелер бюросына мүше 161 мемлекеттің арасында топ жарып, Қазақстанның елордасы – Астана ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу жеңісіне ие болғаннан бер­гі өткен бес жылға жуық уақыт ішінде бұл тұжырым­ның ақи­қат­­тығы тағы да айқындал­ды. Қазірге дейін Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесіне қаты­сатын­дығын әлемнің 112 мем­лекеті және 18 халықаралық ұйы­­мы растады. 72 мемлекет ЭКСПО-2017 көрмесінің аясында өздерінің ұлттық күндерін өткізу мерзімін бекітті. 89 ұлт­тық павильонның контенттік тұжы­рымы нақтыланды. Жаңа жылда бұл жұмыс жоғары қарқынмен жалғасатын болады. ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу бұл дағдарысқа қарсы іс-қимыл жобасы болып табылады. Әлемдік экономикалық және қаржы дағдарысы белең ал­ған кезеңде отандық тауар өн­діру­шілерге қолдау көрсету мақ­­сатында ЭКСПО-2017 көр­месі жобасы аясында еліміз­дің бар­лық облыстарының әкім­дері­мен меморандумдар жасалды. Осының нәтижесінде 322 отан­дық тауар өндірушілермен жал­пы сомасы 48,9 миллиард теңгенің келісімшарттары бекі­тілді. Бұл жоба Қазақстанда 50 мың жұмыс орнын құрып, эко­но­ми­ка­лық дағдарыс кезінде жұ­мыс­сыздықтың белең алмау­ын қамт­а­ма­сыз етті. ЭКСПО көрмесі ұлт­тық жобасына 126 миллион теңге демеушілік қаржы және 211 мил­лиард теңге инвес­тиция тартылды. Бүкіләлемдік жетістіктер көр­­месі өзінің 160 жылдан астам тари­хында өркениет шежіресіне алтын әріптермен жазылған сәулет өнерінің жауһарларын қалдырды. ЭКСПО мұралары – Лондондағы Хрусталь сарайы, Париждегі Эйфель мұнара­сы, Александр ІІІ көпірі, Лион вокзалы, Венадағы Ротон­да – әлемдегі ең үлкен күмбез астын­дағы павильон, Мель­бурн­дегі патшалық көрме павиль­оны нақ осындай мәңгілік өнер ескерткіштері болып табылады. Ажарлы Астананың әсем архитектуралық салтанатына сән қосқан көрме қалашығында да әлем ғажайыптарының санатына қосылатын ЭКСПО мұрасы – «Болашақ энергиясының» шар тәріздес мұражайы (сфера) болмақ. 8 қабаттан тұратын бұл сәулет өнерінің озық нысанында баламалы қуат көздерінің жаһандық технологиясының небір озық үлгілері көрініс табатын болады. Мәселен, 8 қабатты сәнді ғимараттың бірінші қаба­тына еліміздің ұлттық павиль­оны қоныс тебетін болса, қалған жеті қабатының әрқай­сысында жел, күн, су, биотех­нологиялық және басқа балама қуат көз­дерінің жетістіктері орналасады деп шешім қабылданған. ЭКСПО көрмесі беделінің жаһандық дәрежеде ерекше танылуы­на оның «Болашақ­тың энер­гиясы» атты заманауи тақы­­­­­р­ы­бының маңызы зор болды. Бұл тақырыптың маңызы – бүгін­гі күні адамзаттың ең өзек­ті про­­блемасына айнал­ған табиғи қуат көздерін тиімді пайдалану және балама қуат көздерін ашу мәселесін көтеруінде. Оны шешу қазір көп­теген елдер үшін стра­те­гия­­лық міндетке айналған. Ен­дігі кезекте бүкіл әлем «жасыл эко­н­о­­мика» және экологиялық қауіп­­сіз даму сияқты тың бағыт­қа бет­бұрыс жасауда. Бұл Мем­лекет басшысының елімізді «жасыл экономика» бағытына көшу жөніндегі бастамасы­­мен үн­де­седі. Елбасының тіке­лей бас­та­ма­сымен ЭКСПО-2017 көрме­сін өткізу жөніндегі ұлттық идея өмір­ге келгеннен бері бұл мәсе­ле­де түбегейлі бетбұрыс басталды. Балама қуат көздерін дамыту мақсатында арнайы заң жобасы белгіленді. Елімізде балама энер­гия қуатын дамытуға Корея, Германия, Австрия, Испания және АҚШ сияқты дамыған мем­­ле­кет­тердің тәжірибесі негіз болу­да. Қазақстанның жел энергиясын дамытудағы әлеуметі жан-жақ­ты зерттеліп, еліміздің кеңей­тілген жел атласы жасал­ды. Бұл атласқа ұлан-ғайыр қазақ дала­­сы­ның жел қуаты басым бола­­тын өңірлерінің кестесі ен­гізіл­ді. Қазірдің өзінде Астана ма­­ңын­­дағы Ерейментау жел стан­­сасы жұмысын бастады. Бүкіләлемдік жетістіктер көр­­месінің тарихы 1851 жылы Лондон қаласында өткізілген «Барлық халықтардың өнеркә­сіп­тік еңбектерінің ұлы көрмесінен» бастау алған. Бір сәт ойланып көрейікші, барлық халықтар еңбектерінің, жетістіктерінің ұлы көрмесі! Яғни, енді бес айдан кейін егемен еліміздің елордасы – Астана қаласында адамзат ақыл-ойының қазіргі күнге дейін­гі қол жеткізген жетістіктері­нің озық үлгілері паш етілетін бола­ды. Бүгінде бүкіл адамзат­ты толғандырып отырған толғақ­ты мәселе – «Болашақтың энер­гия­сының» тағдыры Тауық жылы елор­дамыздағы ЭКСПО-2017 көр­месі шеңберінде шешім таппақ. Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»