02 Қаңтар, 2017

Астана әкімі Шахандағы апаттан қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты

366 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев өзінің фейсбуктағы парақшасы арқылы Шахандағы апаттан қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты. «Шаxтинск қаласында кеше түнде орын алған апаттан қаза тапқан азаматтардың отбасыларына бүкіл астаналықтардың және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын. Апаттың арты қайырлы болсын!» - деді ол. Еске сала кетейік, кеше 22:40 шамасында облыстық ТЖД-ға көпқабатты үйдің опырылғаны туралы қоңырау түскен. Соңғы мәліметтер бойынша, үйінді астынан 9 адамның денесі шығарылды. Олардың үшеуі — ер адам, үшеуі — әйел адам, үшеуі — бүлдіршін.