04 Қаңтар, 2017

Кубалық боксшы Головкинмен жекпе-жекке шыққысы келеді

145 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
lara Кубалық боксшы Эрисланди Лараның (23-2-2, 13 КО) менеджері кіші Луис де Кубас қазақстандық Геннадий Головкинмен (36-0, 33 КО) жекпе-жек ұйымдастыруға қатысты пікірімен бөлісті. Бұл туралы sports.kz хабарлады. «Бұған дейін Эрисланди талай мықты боксшылармен жұдырықтасқан, сәйкесінше бірінші орта салмақтағы үздіктердің бірі ретіндегі мәртебесін сақтап тұр. Қазіргі уақытта өз дивизионындағы үздіктердің бірі. Бүгінде Юрий Форманмен кездесуге дайындық жүргізіп жатырмыз. Ал ары қарай не болары уақыт өте келе белгілі болады. Таңдау еркі бізде болса бұған дейін жеңіліп көрмеген Деметриус Андрадемен кездесу ұйымдастырғымыз келеді. Ал реті келіп жатса Геннадий Головкинмен де келіссөздер жүргізіп көреміз. Жұрт онымен ешкім жекпе-жекке шыққысы келмейді дейді. Ал біз қаржы мәселесін реттей алсақ, күш сынасуға қарсы емеспіз. Лара әлемдегі үздік P4P боксшыларының бірі. Головкинді жеңуге шамасы жетеді деген сенімдемін», – деді Лараның менеджері.