04 Қаңтар, 2017

Тасмағамбетов Универсиаданы өткізу дайындығын тексерді

182 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
20170104135934 Бүгін, 4 қаңтарда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада-2017 ұйымдастыру комитетінің төрағасы Иманғали Тасмағамбетов Алматы қаласындағы ауқымды спорттық шараны өткізудегі нысандардың соңғы дайындығын тексеріп, көшпелі кеңес өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz. Универсиадаға дайындық жұмыстары аяқталуға таяды. Бұл өз кезегінде барлық қызметтер тарапынан мұқият тексеруді қажет етеді. Көлік қызметі мен жол қауіпсіздігін сақтау - осы бағыттағы жұмыстың жауапты бөлігі саналады. 20170104140016 «Көлік логистикасын ұйымдастыруға келсек, онда біздің ЕҚЫҰ Саммитіне және 2011 жылғы қысқы Азия ойындарына дайындықты жүргізуде тәжірибеміз бар. Мұны делегаттарға, спорттық командаларға қызмет көрсетуде қолдануға болады. Бұған қарамастан, алау эстафетасын өткізу кезінде көлік қозғалысының артуына байланысты басқа да сұрақтар туындайды. Бұл орайда, еліміздегі қалалардың, оның ішінде Астана мен Алматы қалаларының тұрғындары үшін қолайсыздықтар тудырмау мақсатында көлік қозғалысын реттеуге қосымша шаралар қабылдау қажет», - деді вице-премьер көшпелі кеңесте. 20170104135927 Спорттық ғимараттардың дайындығына қатысты Иманғали Тасмағамбетов негізгі нысандардағы жұмыстардың аяқталғанын ескере отырып, оларды белгіленген талаптар мен стандарттарға және пайдалануға беру қауіпсіздігіне сәйкес толық жабдықтау қажеттігін ескертті. Сонымен қатар, вице-премьер дайындық жұмыстарының жақсы жүргізіліп отырғанын айта келе, Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбекке құзырлы қалалық ведомстволар мен қызметтермен бірлесіп қалың көпшіліктің қатысуымен өтетін нысандарды пайдалану ережесі мен қауіпсіздік талаптарын міндетті орындау бойынша жұмысшы комиссияларды өткізуді тапсырды. 20170104135931 Сондай-ақ, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары қысқы Универсиаданың ұйымдастыру комитеті өкілдерінің қатысуымен жарыстар өткізілетін әрбір нысанның функционалдық талаптарының орындалу мәселелерін пысықтау міндетін қойды. Жаңа спорт ғимараттарына іргелес аумақты көгалдандыру және абаттандыру жобасына сәйкес абаттандыру, жарықтандыру, безендіру жұмыстарын орындау және көлік тұрақтарын жабдықтау тапсырылды.