07 Қыркүйек, 2011

96 жасында пәтер алды

284 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Облыс орталығындағы Суворов көшесі бойында орналас­қан ардагерлерге арналған тұр­ғын үйге тағы да бір майдангер келіп қоныстанды. Ол – Іргебай Жұмабеков. Ақсақалдың айту­ын­ша, үй алуға байланысты бер­ген өтінішіне орай құжат­та­ры екі аптаның ішінде қара­лып­ты. Ал, пәтер кілтін алу үшін қала әкімі Бақытжан Жолама­нов­тың қабылдауына ке­ліңіз, – дегенді естігенде қат­ты таңқа­лыпты. Ба­ла-шағасы, немере­ле­рі­нің орта­сын­да ақар-шақар өмір сүріп жат­қан ақ­са­қал қар­тайған ша­ғын­да өзінің жеке пәтері бола­тынын ойла­ма­ған да шығар. Бұй­ырған кетпейді деген осы екен. Иә, Іргебай ата ел тәу­ел­сіз­ді­гінің арқа­сында осын­дай бір жақсы сый­лыққа қол жеткізді. Кеніште жү­ріп кен қаз­ған қа­жыр­лы ең­бе­гі зая кетпепті. Сонау бір жыл­ғы 41-дің соғы­сында Таганрог, Дондағы Ростов қа­ла­ларын қорғауға қаты­сып, Ста­линград шайқасында бол­ған кө­рінеді. Соғыс­тан кейінгі жыл­да­ры «Май­қай­ың алтын» кенішінде қарапай­ым жұмысшы бо­лып еңбек етіпті. Іргебай ақ­сақалдың еліміздің Құрметті металлургі деген ата­ғы да бар. Әрине, балалары өз­дерін аялап өсірген әкелерінің жаңа пәтер алға­ны­на қуаныш­ты. Сөй­­тіп, енді, Іргебай ата да облыс орта­лы­ғын­да, қалада сән­ді де жайлы пәтерде тұратын болды. Облыс әкімі Бақытжан Сағын­таевтың бастамасымен жа­ңа­дан бой көтерген арнайы «Ардагерлер үйі» аталған бұл үйде қарт кісілер үшін барлық жағ­дай жа­салған. Төменгі қа­батта дү­кен, шаштараз, дәрі­гер­лік бө­лім­ше, басқа да әлеуметтік бөл­мелер қызмет көрсетеді. Фарида БЫҚАЙ, Павлодар.