Boxingnews24.com порталының шолушысы Дэн Эмброуз америкалық кіші Флойд Мейвезердің жақында берген сұхбатына қатысты өз пікірін білдірді. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.
Америкалық боксшы мексикалық Сауль Альварес (48-1-1, 34 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (36-0, 33 КО) жұдырықтасар болса, уақытынан бұрын нокаутпен жеңетініне сенімді екенін айтқан. Сондай-ақ, жекпе-жектің қазір өтуі тиімсіз әрі қаржы мәселесін жоспарлы түрде жүзеге асырған жөн екенін ескерткен.
«Кейбір жанкүйерлер Мейвезердің сөзін желеу етіп, «Канелоның» Головкинмен күш сынасудан бас тартуы дұрыс деп есептейді. Ал менің ойымша, Альварес бұл кездесуден жалтарып жүр. GGG ашық түрде жұдырықтасқысы келетінін мәлімдегенмен, мексикалықтан әлі күнге дейін мардымды жауап бола қоймады», – деді шолушы.
«Golden Boy әлі уақыты келмегенін айтады. Бірақ ол күн қашан келеді? Головкин бірнеше айдан кейін 35-ке келеді. Тиісінше, оның спорттағы жасы да келіп қалды. Бірақ әлі де жоғары деңгейде өнер көрсетіп жүр. Кейбіреулер Келл Брукпен өткен ұрысында олқылықтары көрініп қалғанын айтады. Головкиннің бірнеше жойқын соққы жіберіп алғаны рас. Бірақ британиялықтың көзін шығара жаздап, уақытынан бұрын жеңгенін ұмыт қалдырып жатады. Ол күні мәселе күшінде емес қорғанысында болғанын ескерген жөн», – деді Дэн Эмброуз.
«Мейвезердің айтуы бойынша, Альвареске ол лайықты қарсылас емес екен. Олай болса, кездесу әлдеқашан бұрын өтуі тиіс еді. «Канело» мен Golden Boy бұл істі кейінге қалдырғаны фанаттарды Головкиннен қашып жүргендей сезімде қалдырып жатады. Бәлкім Головкиннің қартайғанын күтіп жүрген болар?! Флойдтың сөзін растау үшін қос спортшының арасындағы бокс кешін тезірек көруіміз керек», – деді Эмброуз.
Айта кетейік, бұл іс 2016 жылы өтуі тиіс болатын. Бірақ мамыр айында мексикалық бас тартқандықтан орта салмақтағы оның WBC белбеуі Геннадийге берілді. Сонымен қатар, Альварестің Головкинмен жекпе-жегін биылға жоспарлағаны да хабарланған. Қос тарап қаржы мәселесінде ортақ келісімге келе алмағандықтан қазір келіссөздер тоқтап тұр.
• 04 Қаңтар, 2017
Дэн Эмброуз: Альварес Головкинмен тезірек жекпе-жек өткізуі тиіс

Мемлекет басшысы Пәкістанның Президенті мен Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 20:40
Кәсіподақтар федерациясы ел азаматтарына Үндеу жасады
Қоғам • Бүгін, 20:35
Атырау облысында бұзақылық дерегімен 121 адамға сот үкімі шықты
Аймақтар • Бүгін, 19:38
ҚазҰУ-да Парламент депутаттарының қатысуымен академиялық тыңдаулар өтті
Ата заң • Бүгін, 18:17
Президент Конституциялық комиссия жетекшілерімен жұмыс кеңесін өткізді
Президент • Бүгін, 18:05
Алматыда конституциялық түзетулер қолдау тауып, олардың мәні түсіндірілді
Ата заң • Бүгін, 18:00
«Ауыл» партиясы: Қызылордада жаңа Конституция жобасы талқыланды
Аймақтар • Бүгін, 17:42
Ұлттық музейде Жаңа Конституция жобасы талқыланды
Өнер • Бүгін, 17:27
Қаңтар айында пәтер бағасы қалай өзгерді?
Қоғам • Бүгін, 17:09
Жаңа Конституциядағы отбасы және неке нормалары сарапшылар талқысына түсті
Ата заң • Бүгін, 16:58
Магеррамов: Жаңа Конституция мемлекет саясатының жаңа бағдарын айқындайды
Қоғам • Бүгін, 16:56
Жазушылар жаңа Конституцияның рухани өзегін талқылады
Ата заң • Бүгін, 16:44
«Ауыл» партиясының жастары Конституциялық реформаны қолдайды
Ата заң • Бүгін, 16:31