Өткен жылдың күзінде еркін жүзуден Рио Паралимпия ойындарының алтын жүлдесін таққан Зүлфия Ғабидуллинаны жамбыл жұрты әуежайдан құшақ жая қарсы алғанда, облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев жеңімпазды құттықтай тұрып, алдағы уақытта Тараз қаласынан зәулім үй салып беруге уәде берген болатын.
Міне, «Уәде – Құдай аты» дегенді аймақ басшысы жадына жақсы түйсе керек, чемпионның қоныс тойын тауық жылына қалдырмастан, тура 31 желтоқсан күні жаңа үйдің кілтін табыс етті. Зәулім үй «Тараз Арена» спорт сарайына жақын маңнан орын тепті. Бұл, әрине, Зүлфия үшін өте ыңғайлы. Күн сайын жақын жердегі спорт сарайына қатынап, жүзумен еркін айналысуына мүмкіндік мол. Бес бөлмелі үй «Бином» ЖШС демеушілігімен үш ай ішінде тұрғызылыпты. Бас-аяғы 20 миллион теңге жұмсалған бұл үйде арнайы жаттығу залы да, пандусы да бар. Ал «Қазақстан Халық Банкі» Жамбыл облыстық филиалының директоры Нұрлыбек Сейдахмет сыйлаған 3 миллион теңгеге үйге қажетті жиһаздар сатып алынды.
Әрине, Зүлфия Ғабидуллинаның қуанышында шек жоқ. Бұған дейін көпқабатты үйде тұрып келген чемпион баспалдақтардан түсіп-шығу өте қиын болғанын айтады.
– «Тараз-Аренаға» жаттығуға келген сайын осы маңда жеке үйім болса деп армандаушы едім. Міне, сол арманыма жетіп отырмын. Сол үшін спорт саласына ерекше көңіл бөліп жүрген Елбасына, облыс әкіміне айтар алғысым зор. Мен де елімнің абыройын асқақтату үшін барымды саламын, – деп Зүлфия ағынан жарылды.
Оралхан ДӘУІТ,
«Егемен Қазақстан»
Жамбыл облысы

«Ауыл» партиясының жастары Конституциялық реформаны қолдайды
Ата заң • Бүгін, 16:31
Конституция жобасы партиялық пікірталас тақырыбына айналды
Ата заң • Бүгін, 16:08
Енді көлік нөміріне мобильді қосымша арқылы тапсырыс беруге болады
Қоғам • Бүгін, 15:56
Олжас Бектенов кәсіпкерлермен қандай мәселелерді талқылады?
Экономика • Бүгін, 15:44
«Asar Baspana» кооперативі халықты алдап 25 млрд теңге табыс тапқан
Оқиға • Бүгін, 15:35
Дәріханаларда жарамдылық мерзімі өткен 750-ден астам дәрі сатылған
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 15:26
Елімізде алюминий дөңгелек дискілер шығаратын зауыт салынады
Технология • Бүгін, 15:15
Әзілкеш Нұрлан Сабуровқа Ресейге 50 жылға кіруге тыйым салынды
Оқиға • Бүгін, 15:01
Жаңатастағы жел: Бірнеше үйдің шатыры ұшты
Аймақтар • Бүгін, 14:51
Өзін қандас деп таныстырған ауғанстандық мемлекет қаржысына пәтер алған
Қоғам • Бүгін, 14:46
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрінің орынбасарларын қабылдады
Президент • Бүгін, 14:37
Олимпиада басталды: Елдегі қысқы ойындардың даму деңгейі қандай?
Олимпиада • Бүгін, 14:10
Қазақстан мен Үндістан бірлескен білім беру бағдарламасын іске қосуы мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 13:50
Банктер кәсіпкерлерге 20 трлн теңге несие берді
Банк • Бүгін, 13:00
Оқушылар қаңтар айында тағы да каникулға шығады
Мектеп • Бүгін, 12:55