05 Қаңтар, 2017

Қазақстандық боксшы екі аптада екі кездесу өткізеді

143 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
eiubov Кәсіпқой рингте қазақстандық Бақтияр Эюбов осы айда екі бірдей кездесу өткізеді. Бұл туралы sports.kz хабарлады. Бүгін 30 жастағы спортшының бір қарсыласы белгілі болды. 7 қаңтар күні АҚШ-тың Мичиган штатындағы Дирборн қаласында 6 раундтық жекпе-жекте ол никарагуалық Элвин Переспен (28-16-4, 19КО) күш сынасады. Бұл орта салмақ дәрежесінде өтеді (147 фунтқа дейін – 66,7 кг). Дегенмен, Бақтиярдың бірінші орта салмақта (140 фунт – 63,5 кг) өнер көрсетіп келгенін айта кеткен жөн. Ал 22 қаңтар күнгі қарсыласының есімі әзірге белгісіз. Айта кетейік, бүгінге дейін Эюбов кәсіпқой бокста 11 кездесу өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен. Оның 10-ын мерзімінен бұрын аяқтаған.