Петербургтегі "Лахта орталық" қоғамдық-іскерлік ғимаратының инвесторы "Газпром" компаниясы. 2018 жылы құрылысы аяқталатын нысанның ұзындығы 462 метр болады, деп жазады, ТАСС агенттігі.
Қазіргі таңда ең ұзын ғимарат Ресей астанасындағы "Мәскеу-Сити" іскерлік орталығындағы "Федерация" ғимаратындағы "Шығыс" нысаны. Оның ұзындығы 374 метр.
"2017 жылы "Лахта орталық" Петербургтегі ғана емес, сонымен қатар Ресей мен Еуропадағы ең ұзын ғимаратқа айналмақ.
Ғимараттың иесі "Газпром" трансұлттық корпорациясы бірнеше жылдан бері осы ғимараттың құрылысын талқыға салған еді. Фин бұғазының жағасына салынған ғимараттың алып жатқан аумағы 14 гектар.
2012 жылы ғимарат құрылысы басталған болатын.