07 Қыркүйек, 2011

Ақын тойына келіңіздер!

343 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Биылғы жылғы қазақ поэзиясы өзінің жаңа дәуірлеу кезеңіндегі екі алыбының мерей­той­лары­мен ерекшеленіп отыр. «Бәрі­нен де Қасым­ның десі басым», деп сөз өнері­нің хас таланты­на бас иген Мұқағали Ма­қатаевтың 80 жыл­ды­ғы Алатау баурайындағы Қарасазда дүбірлеп өтсе, ұстаздығын пір тұтқан Қасым Аманжоловтың 100 жыл­дығы ертең Қарағандыда басталып, Қарқаралыда жалғасады. Осыған байланысты іс-шаралар бағдарламасы сан алуан. Солардың бір парасы мынадай. *8 қыркүйекте Қ.Аманжолов әндері мен өлеңдеріне жазылған ән­дер фестивалі  ашылып, мерейтой иесі туралы бейнефильмнің көр­сетілімі болады. Содан соң  ақындар айтысы өтіп,  «Досымның үй­ленуі» спектаклі қойылады. *9 қыркүйекте Қарағанды облысының әкімі С.Ахметов әдебиет және өнер қай­раткерлерімен кездесіп, содан кейін Қ.Аманжолов ескерткішінің ашылу салтанаты болады. Осы күні мерекелік ғылыми-тәжірибелік конференция мен жазба ақындар жыр-мүшәйрасы өтеді. *10 қыркүйекте Қарқаралыда Құнанбай мешітіне мінәжат жа­са­лып, аудан орталығындағы орталықтандырылған кітапханаға ақын есімін беру рәсімі өтеді. Осыдан кейін мерейтойдың салтанатты ашылуы болып, өнер жұлдыздары концерт қояды. Аламан бәйге өтеді.