06 Қаңтар, 2017

Шығыс Қазақстанда мектеп оқушыларына смартфон ұстауға тыйым салынады

194 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Әзірге балабақша қызметкерлері қарапайым ұялы телефонға ауысқан. Мұндай шешім бірер апта бұрын облыстық ата-аналар қоғамы кеңесінің отырысында қабылданған болатын. Таяу арада мектеп директорлары мен ата-аналар оқу орындарында балалардың смартфон қолдануына тыйым салу туралы шешім шығарады, деп хабарлады ҚазАқпарат. «Мен бұл тыйымға қарсымын. Ұлым кішкентай бала емес және өз заттары мен техникасына ие бола алады. Келесі жылы жоғары оқу орнына түседі. Сынақтарға дайындалу керек, мобильді интернет үнемі жанында болу керек. Менің ойымша, сабақ үстінде смартфонға қарап, ойы бөлінген оқушыға тыйым салу керек», - деді қала тұрғыны Марина. «Қазір әрбір мектеп осы мәселе бойынша ата-аналар пікірін жинап жатыр. Егер нақты бір мектептің ата-аналары бастамаға қолдау білдірсе, әкімшілік ішкі тәртіп ережесіне өзгерістер енгізеді. Онда балалар мен педагогтарға смартфон ұстауға тыйым салу туралы пункті пайда болады. Яғни, ата-аналар мен мектеп әкімшілігі бірлесіп шешім қабылдайды. Бұл іс жүзеге асып жатса, мектеп басшылығы смартфондардың бүтіндігіне жауап береді», - деді ШҚО білім беру басқармасының басшысы Айжан Садықова.