06 Қаңтар, 2017

Қазақстан 2017 жылы халықаралық ұйымдарға 12 млрд теңге аударады

328 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2017 Қазақстан халықаралық қаржы ұйымдарына 12 млрд теңгеден астам мүшелік алымдар төлейді, деп хабарлайды Astana TV. Аталған қаражат Дүниежүзілік банкке, Ислам даму банкіне, Халықаралық даму қауымдастығы мен Азия инфрақұрылым және инвестиция банкіне аударылады. Қаржы министрлігінің айтуынша, бұл мүшелік алымдар Қазақстанның аталған ұйымдарға мүше болуы үшін керек. Ал ұйымға мүше болу Қазақстанның сырттан инвестиция тартуына мүмкіндік береді. Егер Қазақстан мүшеліктен шығып кетсе, аталған қаражат қайтарылып беріледі.