06 Қаңтар, 2017

Головкин жаттығу лагерінен фотолар жариялады

223 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
ggg-1 WBC, WBA, IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин америкалық Дэнниэл Джейкобсқа қарсы жекпе-жекке дайындықты бастап кетті. Қазақстандық боксшы мереке күндерін жанұясымен қарсы алу үшін 7 желтоқсаннан бастап демалыста болған. Big Bear жаттығу лагеріне ол 3 қаңтар күні келген болатын. ggg-2 Ал оның қарсыласы демалыссыз дайындалып жүр. Америкалыққа спарринг серіктес ретінде орта салмақтағы үш бірдей боксшы көмектесуде. Олар: 28 жастағы  украин Евгений Хитров (14-0, 12 КО), 37 жастағы грузин Автандил Хурцидзе (32-2-2, 21 КО) және 31 жастағы украин Сергей Деревянченко (9-0, 7 КО). Сондай-ақ, ол қосымша тамақтану маманын да жалдаған, деп хабарлады vesti.kz. Жаттықтырушысы Андре Розьенің айтуы бойынша Джейкобс бұл кездесуге 195 пайызға дайын.jackobs Головкин бапкері Абель Санчеспен (сол жақта) және промоутері Том Леффлермен. ggg-3 ggg «Украина атамандары» клубының бұрынғы боксшысы Сергей Богачукпен. ggg-5 Айта кетейік, қос боксшының арасындағы айқас 18 наурыз күні АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden аренасында өтеді.