06 Қаңтар, 2017

2017 жылы шығатын таң қаларлық 5 технология

261 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
2017 жылы шығатын ең футуристік сипаттағы технологияларды назарларыңызға ұсынамыз. Samsung-тың бүктелетін телефоны cbdadbd8c26f01944e86438f276.jpg Биыл Самсунг компаниясы Galaxy S8 және S8 edge телефондарынан бөлек бүктелетін экраны бар жаңа телефондар шығара бастайды, деп жазады ET News. Әзірге телефонның қанша тұратыны туралы нақты мағлұмат жоқ. Селфи арқылы төлем жасау cbae1809460aecdaf21999478f7.jpg Alibaba компаниясы 2017 жылы селфи арқылы төлем жасау технологиясын енгізуге уәде берді. Компанияның негізін салушы Джек Ма 2015 жылдың өзінде CeBit конференциясында бұл технологияны таныстырған еді. Аталған жаңалық арқылы төлем карталарына жасалатын хакерлік шабуыл секілді қатерлерді айналып өтуге болады. Қолжетімді реактивті сөмкелер 837ebcb0954f7f75d4443e07775.jpg Жаңа Зеландиялық Martin Aircraft 2016 жылы Personal Jetpack атты реактивті сөмкелер шығаратынын айтқан еді. 2017 жылы бұл тауар түрлері нарыққа шықпақ. Сөмкенің құны 150 мың доллар. Сөмке иесі бұл сөмке арқылы өзі де ұша алады немесе тауарды салып, өз бетінше ұшырып жібере алады. Аталған реактивті сөмке сағатына 74 шақырымға дейін алады. Алғашқы робот-полиция 70ae90dc514f90d41c9a6c3ed97.jpg 2017 жылы БАӘ-де әлемдегі алғашқы робот тәртіп сақшылар "қызметке кіріседі". Роботтың бетіндегі сенсорлы экран қарсы алдындағы адамның түрі мен даусын ажыратып, сауалдарға жауап беру қабілетіне ие. Қолдан жасалған тәптіп сақшылары алдымен Дубайдағы Бурдж-Халифа ғимараты мен туристік орындарда пайдаланылады.   Айға алғаш рет жеке меншік компанияның ұшуы ee57114bd5fab55170177d50b57.jpg Американдық Moon Express компаниясы 2017 жылы Айға ұшпақшы. Бұрындары мұндай қадамға тек мемлекеттік корпорациялар баратын еді. The Guardian басылымының мәліметінше, миссия жазда басталады. Егер сапар сәтті болса, Moon Express Google-дан 20 млн доллар алады.