06 Қаңтар, 2017

Шахандықтар қамқорлықсыз қалмайды

167 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қарағанды облысындағы Шахан кентінде болған төтенше оқиғадан зардап шеккен тұрғындарға жан-жақтан қайырымдылық көмек көрсетілуде. Шахан әкімдігінің ғимаратында орналасқан қабылдау бекетіне еліміздің түпкір-түпкірінен қайырымды жандар жіберген заттардың ағыны толастар емес. Әсіресе, азық-түлік мол. Киім-кешек жағы да жеткілікті. Көмекті кәсіпкерлер, ұйым-мекемелермен бірге қарапайым адамдар да көрсетіп жатыр. Кеше аталған бекетке Мәжіліс депуттары да бас сұғып, азық-түліктің мол қорын жеткізіп берді. «Дегенмен де, қазіргі таңда қаржылай көмектің жөні бөлек болып тұр. Өйткені, баспанасыз қалған жандар ең алдымен үй мәселесін  уайымдап жүр», дейді жергілікті әлеуметтік бөлімнің меңгерушісі Ақмарал Нұрмұханова. Қайрат Әбілдинов, «Егемен Қазақстан»