06 Қаңтар, 2017

Қазақстанда рефрижераторлы-контейнерлік пойыз жүре бастады

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
«Қазақстан темір жол» ҰК» АҚ еншілес компаниясы «KTZ Express» АҚ-ы «RTSB GmbH», «Белинтертранс–Германия» және«Euro-BRICS» компанияларымен бірлесіп болашағы зор Херне (Германия)- Ланчжоу (ҚХР) бағыты бойынша алғашқы рефрижераторлы-контейнерлік пойызын іске қосты, деп мәлім етті «KTZ Express» АҚ-ы баспасөз қызметі. «KTZ Express» АҚ-ның  жалпы саны  430 дана -25°С до +25°С аралығындағы климаттық режимді сақтап тұратын арнайы контейнерлік паркі бар. Компания ерекше температуралық режимді талап ететін жүкті әлемнің кез келген жеріне жылдың қай мезгілінде де жеткізе алады. Тұңғыш рефрижераторлы-контейнерлік пойыз тез бұзылатын тауар тиеген 45 тонналық 40 рефконтейнерден тұрады. Тасымалға тапсырыс беруші –Франциядағы  элиталық сұрыпты шарап шығарушы зауыт. Пойыз құрамасы Херне қаласынан 2016 жылдың 27 желтоқсанында шығып, Қазақтанның Илецк стансасына 2017 жылдың 5 қаңтарында келіп жетті. Айта кеткен жөн, аталған бағыт бойынша теңіз көлігімен жүк жеткізу 45 күнді құрайды. Ал теміржолдың осынау логистикалық шешімі уақытты қысқартып қана қоймай, тез бұзылатын және қосымша құны жоғары жүктерді жеткізеді. Жаңа логистикалық қызмет температуралық режимді талап ететін жүкті тасымалдау көлемін арттыруға қарқын беріп,  ол өз кезегінде экономиканың нығайып, елдің транзиттік әлеуетінің артуына ықпал етіп, Қазақстан аумағы арқылы Еуропа-Қытай бағытында транзиттік тасымалдың көлемін өсіреді.