06 Қаңтар, 2017

Еуразиялық одақта жарты миллион адам жұмыссыз

189 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
ЕАЭО-дағы жұмыссыздар саны 2016 жылдың қарашасында жарты миллионнан асты. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссия хабарлады. Қарашада Қазақстандағы жұмыссыздар саны 64,6 мың адамды құрап, 2015 жылдың қарашасымен салыстырғанда 11%-ға өскен. Осы кезеңде Армениядағы еңбек биржасында тіркелген жұмыссыздар 5,9%-ға көбейген. Ал Беларусь елінде 17,1%-ға, Қырғызстанда 0,7%-ға және Ресейде 9,9%-ға төмендеді. Халықаралық еңбек ұйымының соңғы мәліметі бойынша, ЕАЭО-дағы жұмыссыздық орта есеппен 5,4%-ға тең. Оның ішінде Арменияда — 18,1% (2016 жылдың ІІІ тоқсаны), Қазақстанда — 5% (2016 жылдың қарашасы), Қырғызстанда — 7,6% (2015 жыл), Ресейде — 5,4% (2016 жылдың қарашасы). Есепке алынған жұмыссыздар саны одақ елдеріндегін экономикалық белсенді халықтың жалпы көлемінің 1,2%-ын құраған.