06 Қаңтар, 2017

Джордж Крол елшілік қызметтен кетпейді

108 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасындағы АҚШ елшісі Джордж Крол қызметінен кетпейді. Бұл ақпаратты Қазақстандағы АҚШ елшілігінің баспасөз қызметті жария етті. The New York Times басылымы 2017 жылдың 5 қаңтарында таратқан ақпаратына сүйенсек, АҚШ-тың әр елдегі елшілері 20 қаңтарға дейін қызметтерінен кетуі керек. Бұл жүйе АҚШ-тың үкіметі ауысқан кезде орнап отырады. Алайда, тәртіпке сай, саяси тағайындалған елшілер ғана қызметінен кетуге міндетті. Ал кадрлық елші-дипломаттар қызметтерінде қалады. «Саяси тағайындалған елшілер Құрама штаттарының сыртқы дипломатиялық қызметінің мүшесі емес. Бұл санаттағы елшілер АҚШ-тың бүкіл әлемдегі елшілерінің үштен бірін құрайды. Ал қалғандары АҚШ кадрлық дипломатиялық сыртқы саясатының мүшелері. Қазақстандағы АҚШ елшісі Джордж Крол кадрлық елші болып саналады, сондықтан ол 20 қаңтарға дейін де, кейін де қызметін жалғастыра береді» деп хабарлады АҚШ елшілігінің баспасөз қызметі.