06 Қаңтар, 2017

Қаңтарда 4 кәсіби боксшымыз жекпе-жек өткізеді

166 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Жаңа жылдың алғашқы айында 4 қазақстандық кәсіби рингке оралады. Қазақстандық кәсіби боксшылар арасында жылдың алғашқы кездесуін Бақтияр Эюбов (11-0-0, 10КО) бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. boxrec.com сайтының жарыстар кестесіне сүйенсек, жартылай орта салмақта өнер көрсетіп жүрген отандасымыз Бақтияр Эюбов 7 қаңтарда және 22 қаңтарда екі кездесу өткізуді жоспарлап отыр. Ол ертең АҚШ-тың Дирборн қаласында аргентиналық Эльвин Переспен ( 28-16-4, 19KO) жұдырықтасады, ал 22 қаңтардағы қарсыласы әзірге белгісіз. 2016 жылдың қараша айында орта салмақта кәсіби мансабын бастаған  Бобиржан Моминов ( 1-0-0, 1КО) 14 қаңтар АҚШ-тың Мейкон қаласында АҚШ боксшысы Стивен Басспен (1-4-0) 4 раундтық кездесу өткізеді. Канадада өнер көрсетіп жүрген жерлестеріміз бірінші жартылай орта салмақтағы Батыр Жүкембаев ( 7-0-0, 6КО) пен жеңіл салмақтағы Абылайхан Құсайынов (4-0-0, 3КО) 28 қаңтарда Канаданың Монреаль қаласында жекпе-жек өткізеді, қарсыластары әзірге белгісіз. Айта кетерлігі, 2017 жылы қазақстандық кәсіпқой бокстың серкелері, орта салмақтағы WBA, IBF, IBO және WBC чемпионы Геннадий Головкин (36-0-0, 33КО) 18 наурызда Нью-Йоркте WBA тұрақты чемпионы Дэниел Джейкобспен (32-1, 29 КО), сондай-ақ аса жоғары салмақтағы WBA тұрақты әлем чемпионы Бейбіт Шүменов (17-2, 11 КО) 11 ақпан күні Майамиде WBA нұсқасының уақытша чемпионы, кубалық боксшы Юниер Дортикоспен (21-0, 20 КО), WBA-ның уақытша әлем чемпионы Жанат Жақиянов (26-1,18 КО) 10 ақпанда АҚШ-та WBA (Super) және IBO титулы үшін кубалық Раусхи Уорренпен (14-1-0,4КО) жұдырықтасатын болады.