06 Қаңтар, 2017

Goldman Sachs: ОПЕК+ келісімі 84%-ға орындалады

141 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
АҚШ-тың Goldman Sachs инвестициялық банкі мұнай өндірісін азайту туралы ОПЕК+ (ұйымға мүше және оған кірмейтін экспорттаушы елдер) келісімінің 84 пайызға орындалатынын хабарлайды. 1 қаңтардан бастап күшіне енген өндірісті тәулігіне 1,8 млн баррель азайту туралы келісімшарт талаптарын орындауға қазір Кувейт, Оман, Сауд Арабиясы мен Ирак кірісіп кетті. Goldman Sachs сарапшысы Дэмиен Курвален өзінің шолуында аталған келісімнің іске асырылуы нарықтағы жағдайды тұрақтандырудың кілті екенін атап өтті. «Бұл өз кезегінде шығыны көп өндіріс орындарының өндірісті тоқтатып, шығыны аз ұңғымалардың өндірісті еселеп арттыруына жол ашады", - деп болжайды сарапшы. Естеріңізге сала кетейік, былтыр баға арзандағанда көптеген компаниялар өндірісті тек шығыны аз кен орындарына қарай көшірген еді. Банк мамандарының пікірінше, 2018 жылға дейін нарықтағы бұл екіұдайылық сақталмақ. Goldman Sachs болжамынша, 2017 жылдың жазына дейін мұнай бағасы 59 долларға жетеді.