02 Ақпан, 2017

Межесі биік маңызды реформа

164 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Билікті іске асыру те­ті­гінің ажырамас бө­лі­гі – бұл мемлекет бас­шы­­сының институты. Кон­ституциялық-құ­қық­тық доктрина осы инс­ти­­­тутты мемлекеттік би­лік­­тің сабақтастығы мен тұ­рақтылығын, оның билік тар­мақтарының өзара әрекет етуін қам­тамасыз ететін ұлт бірлігінің ке­пілі ретінде қарастырады. Қазақстанның бүгінгі жағ­дай­ында Президент тиімді мемлекеттік бас­қарудың негізгі факторы болып табылады. Мемлекетіміз тәу­ел­сіз­дік алғалы бері ширек ғасыр уақыт өтті. Республика өзінің қа­лы­п­­тасуының ең ауыр кезеңінен Пре­­зиденттің басшылығымен сү­рін­бей өтті. Бүгінгі таңда бүкіл әлем елі­міз­дегі қарқынды түрлендірулер мен көлемді өзгерістердің бі­ре­гей әрі әсерлі үлгі­сі­нің куәгері болуда. Өт­кен жылдар ішінде Қазақстан тұрақтылық пен конфессияаралық ке­­лісім­ді сақтауға, эко­но­микалық даму мен аза­маттардың әлеу­мет­тік әл-ауқатын қам­та­­ма­сыз ету­ге, демократиялық инс­ти­тут­тар­дың дамуына қол жеткізді. Заманауи қауіп-қатерлерге тиісін­ше жауап бере отырып, Мем­лекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бес институттық реформа аясында түбегейлі өзгерістер жүр­гізуді жалғастырып жатыр. Президент ұсынған билікті қай­та бөлу идеясы бұрын-соңды әлем­дік тәжірибеде болған жоқ, бұл оның демократия идеалдарына шынайы берілгендігінің дәлелі. Әлемнің көптеген елдеріндегі тұрақсыз жағдайларды ес­ке­ре отырып, Мемлекет басшысы басты назарды стратегиялық фун­кция­лар­ға, сыртқы саясат мәселелеріне, қор­ғаныс қабілетіне, мемлекеттік бас­қару проблемаларына және түрлі билік тармақтарының тиімді қызметін қамтамасыз етуге аудару туралы орынды шешім қабылдады. Еліміздің түрлі саяси күш­те­рінің мүддесін қамтитын  жоғарғы заң­намалық билікті атқарушы Пар­ламент екені белгілі. Дамыған парламентаризм институты бүгінде ең маңызды қоғамдық қатынастарды реттей алады. Ал Парламент өкі­­лет­тілігін кеңейту Үкімет қыз­ме­ті­не бақылауды күшейтуге мүм­кін­дік береді. Барлық мемлекеттік тетіктің ма­ңызды құрамдас бөлігі әрі орта­лық буыны атқарушы билік бо­лып саналады. Мемлекет сая­сатының негізгі мақсаттарын бел­гілеу мен қалыптастыруда, олар­ға қол жеткізудің жолдары мен құ­рал­­дарын анықтауда Үкіметке қо­сымша өкілеттіктер беріледі. Осы орайда оның мемлекеттік бағ­дар­ламаларды іске асырудың сапасы үшін жауапкершілігі артады. Бүгін мемлекетке тұлға құ­қық­тарын, қоғам мен мемлекет мүдде­ле­рін қорғаудың тиімді жүйесі қа­жет. Өйткені, билікке және мем­лекеттің құқықтық саясатына деген сенім деңгейі соған тікелей бай­ланысты. Қоғам талаптарына және халықаралық стандарттарға жауап беретін құқық қорғау жүйесін құру міндетін Президент алға қойып отыр. Заңдылық пен құқ­ық­тық тәртіпті қамтамасыз ету ісін­де прокуратура Мемлекет бас­шысының тиімді тірегі болып келеді. Оның қылмыс профи­лактикасы және онымен күрес ке­зіндегі үйлестірушілік рөлін жү­зе­ге асыруы барлық құқық қор­ғау қызметінің нәтижелілігін арт­тырады. Президент алға қой­ған міндеттерді орындау аясында Бас прокуратура көптеген инновациялық идеяларды іске асырды және олар өз тиімділігін көр­сетіп отыр. Құқық қорғау органдары ака­демиясының құрылуы осы бағыт­та­ғы жұмыстың маңызды кезеңі бол­ды. Өйткені, ол заңдылық пен құ­қық­тық тәртіпті қамтамасыз ету ісіндегі білім беру саласын үй­­­лестірумен айналысады. Ака­де­­мияның міндеті – барлық құ­қық қор­ғау органдары үшін жас мамандар­дан бастап президенттік резервке дейінгі жоғары білікті кадр­ларды даярлауды қамтамасыз ету. «Алайда, әлем бүгінде көз алдымызда өзгеріп жатыр. Қоғамдық үдерістердің жылдамдығы мен күрделілігі Қазақстанда да артып келеді. Қазірдің өзінде біз алдағы кезең алдымызға міндетті түрде көлденең тартатын жаһандық және өңірлік сын-қателіктерге қалай қарсы тұратынымызды ойластыруға тиіспіз», – деп Елбасы өзінің арнайы үндеуінде атап өткен болатын. Осыған орай, бүгінгі таңда Бас прокуратура жанындағы Құ­қық қорғау органдары академия­сы жаһандық қауіптерге қарсы Өңір­лік хаб құру жобасын іске асырып жатқанын атап өткен жөн. Ол ха­лық­аралық зерттеу және оқыту орта­лығы ретінде құрылатын бо­лады. Оның алаңында экстремизм мен терроризмге қарсы кү­рес, заңсыз көші-қон, есірткі мен қа­ру­дың заңсыз айналымы, адам сау­дасы, киберқылмыстылық, қар­жы қылмыстары мен сыбай­лас жемқорлыққа қарсы кү­рес мәселелеріне арналған ха­лық­ара­лық жобаларды жүзеге асыру жос­пар­ланып отыр. Ұлан БАЙЖАНОВ, Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры