07 Қыркүйек, 2011

Елбасы қабылдады

222 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиевты қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. А.Жұмағалиев Мемлекет басшысына ақпараттық-коммуни­кация­лық технология саласының негізгі мақсатты индикаторларының жетістіктері бойынша министрліктің жұмыс нәтижелері, сандық теле­визия­ға көшу жөніндегі іс-шараларды іске асыру және «Телерадио хабарларын тарату туралы» заң жобасын алға жылжыту барысы туралы хабардар етті, сондай-ақ елімізде кең жолақты интернетке қолжетімділікті дамыту жөніндегі тапсырманың орындалуы, халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін жаңғырту және мемлекеттік қызмет көрсетуді оңтайландыру туралы баяндады.