02 Ақпан, 2017

БҰҰ өкілінің оң бағасы

214 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі Қазақстанда билік өкілеттіктерін қайта бөлу реформасының жобасына пікір білдірді. 30 қаңтар күні БҰҰ жа­­нын­дағы Қазақстанның Тұ­рақты өкілінің орын­ба­са­ры Барлыбай Садықов БҰҰ Бас хатшысының кө­­мек­­шісі, БҰҰ Азия жә­не Тынық мұхит ай­ма­ғын­­дағы даму бағ­дар­л­а­­ма­сының дирек­торы Сюй Хаолянмен кез­десу өт­кіз­д­і. Кез­де­су барысын­да әріптестер Пре­­зи­дент Н.Назарбаев ұсы­н­ған кон­с­ти­ту­ция­лық ре­фор­ма­ла­р­дың жо­басын, Орта­лық Азия­дағы қау­іп­­сіз­дік мә­се­­лесін, сондай-ақ Қазақ­стан­­ның БҰҰ Қау­і­п­­сіздік Ке­ңесінің мү­­шесі ке­­зіндегі не­­гізгі ас­пек­ті­ле­рін тал­қы­лады. Осы кездесуде Б.Са­д­ы­­қов елі­міз­дегі билік тар­­­мақ­та­ры­ның ара­сын­да­­ғы өкілеттіктерді қайта бө­­луге қатысты реформаны түсіндіріп, оның дер уа­­қы­тында қолға ал­ын­ғ­а­­нын, Қазақстанның да­­му ба­сым­дық­тарына сай ке­летінін атап өтті. Сюй Хаолян өз ке­зе­гін­­де бас­­қа­ру жүйе­сінің пре­­зи­дент­тік би­лік­тен ара­­лас билікке өтуі оң өз­ге­­ріс­тер­ге жол ашаты­ны­на сенім біл­­дірді. Оның пі­­кірінше, би­ліктің ор­та­­лы­қ­сыздануы ел­дің ішкі үде­­ріс­теріне жауап бе­ріп қа­на қоймай, ха­лы­қ­ара­лық қоғамдастық та­ра­пы­­нан да оң бағаға ие бо­­­лады. «Егемен-ақпарат»